Ғалымдар сирек кездесетін әрі ықтималдылығы өте аз жаяғдаяттарды болжауды үйреніп келеді
Ғалымдар сирек кездесетін әрі ықтималдылығы өте аз жаяғдаяттарды болжауды үйреніп келеді
4 жыл бұрын 2632 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемге әйгілі Стэнфорд университетінің ғалымдары адамзат үшін салдары жойқын сирек кездесетін әрі ықтималдылығы өте аз жағдаяттарды болжауды үйреніп келе жатқанын мәлімдеді. Ғалымдар тілге тиек етіп отырған мұндай жағдаяттар былайғы жұрт арасында «Қара қу оқиғалары» аталып кеткен. Ықтималдылығы өте аз болғанымен орын алса, зардабы мен салдары сойқан жағдаяттарға қатысты тарихтан мынадай деректер келтіруге болады: КСРО-ның күйреуі, интернеттің пайда болуы, т.б. Мұндай жағдаяттар қатарына, сондай-ақ, стихиялық және техногендік апаттарды жатқызуға болады. Аталмыш зерттеу барысында ғалымдар үш экологиялық жүйені зерделеп, сараптай келе осы экологиялық жүйелерде зілзала, көшкін секілді кенеттен соғатын жағдаяттарды болжауда пайдалануға болатын ұқсас процестердің өтетінін дәлелдей алды. Келесі кезекте, мысалы, экономикада, эпидемиологияда және саясатта болу ықтималдылығы аз жүйелерді талдап көрмек.

0 пікір
Мұрағат