Антибиотикке төзімді бактериялармен күресудің жолы табылды
Антибиотикке төзімді бактериялармен күресудің жолы табылды
4 жыл бұрын 4810 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Антибиотикке төзімділік ғаламдық деңгейде адам денсаулығына төнген қауіпті қатер. Ғалымдардың топшылауынша, 2050 жылға қарай осының кесірінен жылына 10 млн адам ажал құшады. Медицинаның көптеген саласында антибиотиктің қажеттілігін ескере отырып, оны мейлінше тиімді қолдану үшін мөлшерін белгілеудің, қалай пайдалануды білудің маңызы зор. Дәлірегі, антибиотиктің бактериялар төзімділігін қалыптастыру ықтималдылығына әсерін анықтаудың маңызы зор. Ғалымдар көз жеткізгендей, антибиотиктің шамалы мөлшері антибиотикке төзімді бактериялардың пайда болуын шектейді. Бұл шектеу өз кезегінде популяциясын сәтті арттыра алатын жекелеген төзімді жасушалардың қабілетін шектей отырып, жасушалар төзімділігіне зиянын тигізеді. Ғалымдардың бұл бағыттағы арнайы жүргізген зерттеуіне қатысты аталмыш тұжырым PNAS мерзімді басылымында жарияланды. Антибиотикке қатысты парадигмаға сәйкес бактериялық инфекцияны антибиотиктің көп мөлшердегі дозасымен емдеуге саятын жалпыға ортақ түсінік қалыптасқан. Ал бұл жолғысында антибиотиктің азғантай мөлшерін пайдалануды ұйғарады: емдеу кезінде бактериялар төзімділігінің алдын алуға әрі сонымен қатар антибиотикпен қарқынды емдеудің кері әсерін бәсеңдетуге септігін тигізетін тиімді әдіс. Аталмыш зерттеуде антибиотиктің жетеклеген бактериялық жасушаларға әсерін зерделеудің маңыздылығына жете көңіл бөлінген. Өйткені, ғалымдар антибиотиктің жекелеген жасушаларға әсерін зерделеу арқылы ғана төзімділіктің қалай пайда болатынын ұғады. Оксфорд университетінің зоология бөлімінің ғалымы әрі аталмыш зерттеуге жетекшілік еткендердің бірі профессор Крейг Маклин осындай пікір білдірді. Өйткені, осы уақытқа дейін антибиотикке бактериялар төзімділігінің қалай қалыптасатынына қатысты талай зерттеу жұмыстары жүргізілген болатын. Алайда, антибиотиктің жекелеген жасушаларға қатысты әсері арқылы бұл феноменнің сырын ашуға алғаш рет талпыныс жасалып отырғанын айта кету керек. Ғалымдар бұл тарапта ауқамды тәжірибелер жүргізіп көрді: олар антибиотикке төзімді жекелеген жасушалардың популяцияны қалай жүзеге асыратынын зерделеп көрді. Ғалымдардың жекелеген бактериялы жасушаларға назар аударуы өз кезегінде антибиотиктің жекелеген жасушалардың өсуі мен жойылуына әсерінің төзімді бактерия популяциясының пайда болуына қалай шектеу қоятынын түсінуге мүмкіндік берді. Крейг Маклин антибиотиктің, тіпті, титтей мөлшерінің өзі жекелеген жасушалар төзімділігіне зиянды әсер ететінін алға тартып отыр. Екіншіден, жеклеген жасушалардың антибиотикке реакциясының әр түрлі болып келетініне таңқалғанын жасырмады. Ғалымдар өздерінің бұл зерттеуі келешекте тікелей клиникалық мәні бар мәселелерде көмегін тигізетінін алға тартып отыр: мәселен, антибиотиктің қандай мөлшері жүйеде төзімділікті арттыратынын анықтау. Бұл зерттеуде олар төзімді бактерияны оқшаулап зерделеген болатын. шын мәнінде, патогендік бактерия ішек микробиомы секілді күрделі қауымдастыққа тап болғанда басқа реакция танытуы мүмкін ғой.

0 пікір
Мұрағат