Түріктердің «болат қылышының» сынағы сәтті аяқталды (видео)
Түріктердің «болат қылышының» сынағы сәтті аяқталды (видео)
3 жыл бұрын 1997 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркиядағы қару-жарақ өндіретін аса ірі компания саналатын Roketsan қорғаныс мердігері құрастырған дәлдігі жоғары, корвет, фрегат және эсминц секілді әскери кемелерге орнатылатын, Atmaca (Қаршыға) қанатты зымыраны соңғы сынағында кеме түріндегі нысанасын жойды. Аталмыш зымыран 2016түрік қарулы күштерінің пайдаланылуына берілген, 2017  жылдан бері сынақтан өткізіліп келеді. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған аталған зымыранды «отанымыздың болат қылышы» деп атап, жоғары баға берді. Алайда, бұл зымыранның ұшу қашықтығы 250 шақырымнан (кейбір дерек көздерінде 222 шақырым деп көрсетілген, ал түрік мамандарының айтуынша, ұшу тиімділігі 200 шақырымды құрайды, яғни, бұл айтылған қашықтықтан да ұзақ ұша алады, алайды, тиімділігі – 200 шақырымға шақталған) асады. Ол радиолакациялық жүйемен, ал кейбір әскери сарапшылардың айтуынша, GPC, барометр және радар бойынша бағытталады. Түркияның бұл отандық қаруы 2009 жылдан бері құрастырылып, жетілдіріліп келеді. Ұзындығы 6 метр, ал диаметрі 350 мм, салмағы 800 келі тартатын бұл зымыранның ұшу жылдамдығы - 0,85 М. Зымыран навигациялық жүйемен, лазерлік, инфрақызыл сенсорлармен, т.б. жабдықталған. Бұл жайында islam.kz порталы CNN ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

Қосымша мәлімет:

Түркия Әзірбайжан аумағында әскери базасын ашатын болды. Түркияның бұл қадамы Ресей билігін дүрбелеңге салды. "Түркия Әзірбайжан территориясына әскери базаларын орналастырса, Ресей өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қарсы шаралар қабылдауға мәжбүр болады. НАТО-ға мүше елдердің әскери базаларының біздің шекарамызға жақындап келе жатқанын біз бір сәт назарымыздан тыс қалдырмаймыз. Сондықтан да біз еліміздің ұлттық қауіпсіздігі мен мүддесін қорғау жолында қажетті қадамдарға барамыз",- деп мәлімдеді РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Алайда, нақты қандай қадамдарға баратынын айтпады.

Ұқсас материалдар:

«Түріктер өздері жасаған баллистикалық зымыранды сынақтан сәтті өткізді» (https://islam.kz/kk/news/alem/turikter-ozderi-jasagan-ballistikalyq-zymyrandy-synaqtan-satti-otkizdi-9930/#gsc.tab=0);

0 пікір
Мұрағат