Екі кәсіпорын сертификатталды
Екі кәсіпорын сертификатталды
1 ай бұрын 170 halaldamu.kz
АСТАНА: "BALQAIMAQ.KZ" КӘСІПОРНЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Нұр-Сұлтан қаласындағы "Balqaimaq" кәсіпорнының мұздатылған жартылай дайын өнімдері мен "The Ali Food" фаст-фуд дәмханасы "QMDB HALAL" сертификатына ие болды. Аталған кәсіпорын "Тамақтандыру қызметтері", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына" сай сертификатталды.

"Біздің дәмханамызда ұсынылатын фаст-фуд тағамдар, мұздатылған жартылай дайын өнімдер тек қана таңдаулы шикізаттар мен табиғи, халал өнімдерден дайындалады. Бұған дейін "Balqaimaq" сауда белгісімен шығарылатын жартылай фабрикаттарымыз  ғана "QMDB HALAL" стандартына сай сертификатталған болатын. Адалдықтың айқын белгісімен өндіріліп, тұтынушыларға ұсынылатын өнімдеріміз халық сенімінен шыққан кейін, дәмханамызды да шариғат және халал стандартқа сай сертификаттаудан өткізуді жөн көрдік", – деген кәсіпорын иесі "Халал Даму" ұжымына алғысын білдіріп, адалдық таңбасына лайықты қызмет ететінін жеткізді.

"Balqaimaq.kz" мұздатылған жартылай дайын өнімдері мен "The Ali Food" фаст-фуд дәмханасы толықтай тексерістен өткендігін және кәсіпорынға берілген "QMDB HALAL" сертификаты 14.06.2021-13.06.2022 мерзімі аралығында жарамды екендігін хабарлаймыз! Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, Петрова 23.

 

АҚТӨБЕ: "STREET FOOD BY AXK" ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Ақтөбе қаласындағы "Street food by AKX" фаст-фуд дәмханасы "QMDB HALAL" сертификатына ие болды. Аталған кәсіпорын "Тамақтандыру қызметтері", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына" сай сертификатталды.  

"Адал тамақтан бойға жақсылық дарыса, керісінше, харам тамақтан қаттылық, ауыртпашылық, ғапылдық жұғады. Дұғаның қабыл болуында да адал тамақтың маңызы зор. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл туралы: «Уа, адамдар! Шүбәсіз Алла барлық нәрседен пәк. Сол себепті адал және тазадан басқаны қабылдамайды. Алла Тағала пайғамбарларға бұйырғандарын мүминдерге де бұйырған”. Сол себепті,  мұсылмандар мен халал азықты тұтынушыларға адал ас ұсыну, шариғатқа бойұсыну мақсатында өңірімізде халал стандартқа сай кәсіпорындар мен азық-түліктер санын арттыруға барынша тырысудамыз. Сан емес, сапаға да мән беріп ай сайын тұрақты түрде бақылау-қадағалау шараларын жүрігізіп тұрамыз"- дейді жергілікті инспектор-контролер Жарасхан Абдусаламов.

"Street food by AKX" сауда белгісімен шығарылатын фаст-фуд өнімдерін өндіруші кәсіпорынға берілген "QMDB HALAL" сертификаты 02.06.2021-01.06.2022 мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы:  Ақтөбе қаласы, Сәнкібай батыр көшесі, 48А.

0 пікір
Мұрағат