Жасанды жарық жарға жығады
Жасанды жарық жарға жығады
3 жыл бұрын 1787 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ірі қалалардағы көше шамдарынан, жарнама тақталарынан, прожекторлардан, т.б. түнгі уақытта шашырайтын асанды жарық төңірегіндегі табиғатқа қауіпті болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы «Би-би-си» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, жасанды жарық адамның өзіне де қатерлі: биологиялық ырғағын бұзып, түрлі дерттерге шалдықтырады. Миссури штатындағы Вашингтон университетінің (Washington University in St Louis) және Дрексел жоғарғы оқу орнының жаратылыстану ғылымдарының академия (Academy of Natural Sciences of Drexel University) ғалымдары келтірген мәліметке қарағанда, жыл сайын жасанды жарықтың кесірінен 100 млн-нан бастап 1 млрд-қа дейін құс опат болады екен – жасанды жарықтан стресс алған құс бағдарынан жаңылып, ғимараттарға соғылып қырылады. Қаладан шыққан жасанды жарық 240 шақырымға дейін қашықтыққа жетеді. Бұл белгілі бір мемлекеттің немесе жекелеген қалалардың проблемасы емес, күллі адамзатқа ортақ проблема екенін алға тартып отыр Дрексел унивыерситетінің орнитологы Джейсон Векштейн (Jason Weckstein). Жасанды жарық қала маңындағы өқстар мен өсімдіктердің, жәндіктердің, жануарлардың тіршілік ырғағын бұзады, шағылысу, қоректену, көшіп-қону режимі мен навигациясына теріс ықпалын тигізеді. Жасанды жарық балықтың ұйқысын, өсіп-өнуін, т.б. жауапты мелатонинін басып тастайды.

Ұқсас материалдар:

«Тұңғыш рет тұтас ел жарыққа қарсы карантин жариялады» (https://islam.kz/kk/news/alem/tungysh-ret-tutas-el-jaryqqa-qarsy-karantin-jariyalady-13329/#gsc.tab=0);

«Жасанды жарық тіршілікке қауіпті болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jasandy-jaryq-tirshilikke-qauipti-bolyp-shyqty-10394/#gsc.tab=0); 

0 пікір
Мұрағат