Қызықты зерттеу: Қабандар 1,1 млн автокөлік бөлетін көмірқышқыл газын бөлетін болып шықты
Қызықты зерттеу: Қабандар 1,1 млн автокөлік бөлетін көмірқышқыл газын бөлетін болып шықты
3 жыл бұрын 2395 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Күллі әлемдегі жабайы доңыздар жыл сайын шамамен 4,9 млн тонна көмірқышқыл газын бөледі – яғни, 1,1 млн автокөлік осынша CO₂ бөлгенімен тең көрсеткіш бұл. Австралия, Жаңа Зеландия әне АҚШ ғалымдарынан жасақталған халықаралық топ осындай тұжырымға келіп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзі мен аталмыш зерттеу материалы жарияланған Global Change Biology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қабандар қоршаған ортаға қорек іздеген кезде зиян келтіреді: топырақты қопарып, ондағы көмірқышқыл газдың атмосфераға көтерілуіне ықпал етеді. Бұл жабайы жануар – шағын трактор десе болады, деп есептейді доктор Кристофер О’Брайан. Оның айтуынша, топырақ құрамында атмосферадағыға қарағанда үш есе көп көмірқышқыл газы. Кристофер О’Брайанның есебінше, бүгінде қабандар 120 мың шаршы шақырымға дейін аумақты жыртады өзіне азық іздеп. Көбінесе шөп пен өсімдік тамырларымен қоректенетін қабандар осылайша биологиялық әр алуандылыққа қатер төндіріп қоймай, азық-түлік қауіпсіздігіне нұқсан келтіруде.

0 пікір
Мұрағат