Тұңғыш рет тұтас ел жарыққа қарсы карантин жариялады
Тұңғыш рет тұтас ел жарыққа қарсы карантин жариялады
4 жыл бұрын 3222 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жарықтан ластануға қарсы күрес аясында тарихта тұңғыш рет Ниуэ ұлысы тәуліктің түн мезгілінде табиғи қараңғылық режимін сақтау туралы шешім қабылдады. Ежелгі адамдардың түн қараңғылығынан қауіптеніп, түрлі себептермен қорыққанын түсінуге болады. Ал уақыт өте келе әлем жасанды жарықтан ластанып, әсіресе, ірі орталықтар мен адамдар тығыз шоғырланған қалалы жерлерде түн қараңғылығы қол жетпес арманға айналған. Құпияға толы түн қараңғылығындағы адамның писхикалық және биологиялық жай-күйі күндізгідей болмайды. Жасанды жарықтан болатын түрлі дәрежедегі стресс пен күйзеліс адамның психикасына да, жалпы денсаулығына да салмақ салады. Бұдан бөлек, жасанды жарық сол маңдағы жануарлар мен жәндіктердің тіршілік етуіне қолайсыздық тудырып, олардың өсіп-өнуіне теріс әсерін тигізуде. Ал бұл өз кезегінде табиғаттағы тепе-теңдіктің бұзылуына алып келіп, осылайша қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Осындай кері әсерін тигізетін факторды ескерген Халықаралық қараңғы аспан қауымдастығы  (негізгі міндеті тәуліктің түн мезгілінде қоршаған ортаны қорғауға саяды) жасанды жарыққа қарсы науқан бастаған еді. Аталмыш науқан аясында Тынық мұхитының оңтүстігіндегі аядай ғана аумақта өмір сүретін Ниуэ ұлысының территориясы Халықаралық қараңғы аспан орны ретінде ресми мәртебеге ие болды. Осылайша аталған ұлыс мұндай мәртебеге ие болған алғашқы ел атанды. «Жергілікті халық бұл фактіні мақтан тұтады, өйткені, жарықпен ластануына қарсы белсенді күрес жүргізген әлемдегі алғашқы ел атанды. Бұл 1600-ге тарта тұрғыны бар ұлт үшін үлкен құрмет»,- деп мәлімдеді Ниуэнің турзим жөніндегі бас директоры. International Dark Sky Places – түн мезгілінде табиғи қараңғылық режимін сақтайтын орын осылай аталады. Әлемнің әр түкпірінде аккредитациядан өткен осындай 130 орын бар.  Олардың ішінде қорық та, саябақ та, жергілікті қауым да бар, алайда, мұндай мәртебеге тұңғыш рет тұтас ел ие болып отыр. Бұл жайында popmech.ru ақпарат көзі хабар таратты. 

0 пікір
Мұрағат