Еліміздегі жетім балалар саны белгілі болды. Бүгін балаларды қорғау күні!
Еліміздегі жетім балалар саны белгілі болды. Бүгін балаларды қорғау күні!
3 жыл бұрын 2952 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Қазақстан Республикасының білім беру және ғылым министрлігінің балалар құқығын қорғау жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Юлия Овечкина елімізде қанша жетім бала барын жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы Tengrinews.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның келтірген дерегіне қарағанда, бүгінгі таңда елімізде ата-анасыз қалған  және жетім 23 мыңдай бала бар болып шықты. Алайда, олардың тек 4 мыңы ғана балалар үйінде тәрбиеленуде. Бір қуанарлығы, еліміздегі жетім балалар саны жылдан ылға азайып келеді. Соңғы 10 жылдың ішінде жетімдер үйі 114 –ке кеміген. Бүгінде еліміздің аумағында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларды қарайтын 96 ұйым жұмыс істеп жатыр. Яғни, соңғы он жыл ішінде еліміздегі жетім балалар қарасы 10 мыңға кеміген. Ал соңғы үш жыл ішінде еліміздегі жетім балалар саны 2 мыңға азайған.

0 пікір
Мұрағат