Қытайдың әлемдегі жасырын әскери теңіз порттары анықталып жатыр - 2
Қытайдың әлемдегі жасырын әскери теңіз порттары анықталып жатыр - 2
3 жыл бұрын 7786

Қытайдың геосаяси амбициясы-2

Қытай Африканың мұхитпен қоршаған жағалаулары мен бұғаздарында өзінің әскери теңіз порттарын салып жатқанын айттық. Спутник арқылы іске асқан түсірілмдер Қытайдың қазір екінші әскери теңіз портын салып жатқанын да анықтады. Ол Африканың Джибути елінде екені анықталды.

Қазіргі проекті бойынша Қытайдың Афирка жағалауларына салып жатқан әскери теңіз порттары Шығыс және Оңтүстік Қытай теңізіндегі әскери теңіз операцияларының қуатын арттырып, Қытайдың халықаралық геосаяси аренада ықпалын паш ету деп атады, америкалық әскери барлау қызметі.

«Lu Man» порталы да Қытайдың бұл жобасы "Бір жол - Бір белдеу" атты жаһандық инициативасы арқылы іске асып жатқан әрекеті деп хабарлады. Ал, Қытайдың бұдан кейінгі жсопарында бар келесі порты Африкадағы қай елдің жағалауына түсітенін әлі ешкім болжап біле алмай отыр.

 

Қытайды не қызықтырып отыр?

Қытайдың қазіргі жаһандық инициативасы өзінің ұлттық шекарасынан әлдеқайда тыс жұмыс жасап жатқанын Батыстың азулы елдері де жоққа шығармайды. Тіпті, АҚШ-тың өзі соңғы онжылдықтарда Қытайды терең зерттеуге көшіп, санкциямен соққылап келе жатыр. Қытайдың халықтық азат ету армиясының соңғы кездегі миссиясы АҚШ-тың өзін геосаяси алаңда алаңдатпай қоймады. 2004 жылы Қытайдың төрағасы Ху Цзиньтао "Қытайдың жаңа тарихи миссиясы" деген құжатты бекітіп тастауы Қытайдың осыдан 17 жыл бұрын халықаралық геосаяси майданға дайын екенін көрсетті.

Дәл қазіргі Си Цзиньпиннің дәуірінде бұл процестер ашықтан ашық іске асып, радикалды түрде өзгеріп жатыр. Жер шарының екінші жартысын өзінің ықпалына өткізуге дайын екенін де көрсетуде.

Қытай өзінің алғашқы әскери теңіз портын 2017 жылы Шығыс Африканың Джибути елінің жағалауына салды. Оның құрылысына 590 миллион АҚШ долларын бөлді. Бұл Шығыс әскери портына Қытайдың халықтық азат ету армиясының әскерлері де келіп қойған. Мұнда Аден шығанағы мен Қызыл теңіз арасындағы логистикалық қызметтің бәрі ретке келтіріліп, Африка елдеріне бітімгерлік және гуманитарлық көмекке сақадай сай дайын отыр. Логистикалық қызметтің барлығы Қытайдың халықтық азат ету әскерінің күшімен іске асты.

Осы стратегиялық маңызды саналатын әскери теңіз порты Қытайды Үнді мұхитымен де байланыстыратын маңызды жол тораптары болмақ. Сондықтан Пекин өзінің коммерциялық әрі экспорттық өнімдерін су лайнерлері мен танкерлері арқылы да емін еркін жеткізіп, Қытайдың теңіздегі импорттық саудасының әлеуетін арттыра алады.

Джибутидегі Қытайдың әскери теңіз порты Пекиннің региондағы инвестициялық және инфраструктуралық мүдделерін қорғап, миллиондаған қытай азаматтарын Африка континентінде жұмыс жасауына, 500 мың қытай азаматын Таяу шығысқа қоныстандыруға көмегін тигізеді. Қытайдың "Бір жол - Бір белдеу" ғасырлық жобасының ішінде осы тетіктер де қарастылырған. 

Мақала бірнеше бөлімнен тұрады

Жалғасы бар... 

Бекболат ҚАРЖАН,

«Адырна» ұлттық порталы

0 пікір
Мұрағат