Езидтерге қарсы қылмыс геноцид деп танылды
Езидтерге қарсы қылмыс геноцид деп танылды
3 жыл бұрын 1668 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Біріккен Ұлттар Ұйымының геноцид, адамзатқа қарсы қылмыс және әскери қылмыс үшін жауапкершілікке тарту жөніндегі тергеуші тобы Ирак аумағындағы езидтерге қарсы содырлар тарапынан жасалған зорлық-зомбылықты геноцид деп ресми таныды. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, БҰҰ-ның аталған тобына жетекшілік еткен арнайы кеңесшісі Кәрім Хан бұл тараптағы халықаралық стандарттарды басшылыққа ала отырып, БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде өткен мәжілісте осындай мәлімдеме жасады.

Осы орайда Уикипедия электронды энциклопедиядан мынадай деректі келтіре кетуді жөн көріп отырмыз: Езидтер – түп тегі күрд болғанымен этнос ішіндегі этнос, яғни, субэтнос саналады. Наным-сенім ерекшелігіне байланысты. Езидшілдік – синкретті дін. Заратустра, ислам, христиан және иудалық элементтер қамтылған монотеистік сенім. Езидтер де бір Жаратушыға, оның жеті періштесіне сенеді, аталған періштелердің ең үлкені ретінде Малак Таусты таниды. Аталған наным-сенімді езидтер пайғамбар дәріжесінде көретін, ХІ-ХІІ ғасырларда өмір сүрген Әді ибн Мұсапыр қалыптастырған.

Қосымша мәлімет:

Езидтер – Ирактың солтүстігін мекен етеді. 2014 жылы езидтер Ирак жерінде ойран салған содырлар тарапынан қатаң қуғын-сүргінге ұшыраған, зорлық-зомбылық көрген болатын. Наным-сеніміне байланысты. Езидтерді кәпір санаған содырлар 10 мың езидке дейін қырып салған. 

0 пікір
Мұрағат