Сүт безі қатерлі ісігі енді тарих еншісінде қалатын болды
Сүт безі қатерлі ісігі енді тарих еншісінде қалатын болды
2 ай бұрын 886 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сүт безінің обырын емдеудің жаңа тәсілі тәжірибедегі тышқанның қатерлі ісікке шалдыққан жасушаларының 95 пайызына дейін жоюға мүмкіндік берген. Иллиной университетінің ғалымдары әзірлеген ErSO дәрісі қатерлі ісікті азайтып қоймай, сонымен қатар, оның метастазымен де (таралуымен) тиімді күресе алады. Бұл жайында islsm.kz порталы MedicalXpress баспасөз релизіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мамандардың айтуынша, аталған тәсілден кейін кейбір қатерлі ісік жасушалары аман қалып, бірнеше ай ішінде қайта пайда болған күннің өзінде ол ErSO дәрісіне толық сезімтал келеді, яғни, қайта емдеуге келеді. ErSO препараты өкпедегі, сүектегі, бауырдағы және мидағы қатерлі ісіктің таралу жолдарын жапқан. ErSO белсенділігі көбінесе омырау ісігінде кездесетін эстроген рецепторы деп аталатын ақуызбен байланысты. ErSO эстроген рецепторымен байланысқан кезде ол қатерлі ісікті шапшаң өсуіне дайындайтын әрі стрестен қорғайтын a-UPR жасуша жолын белсендіреді. Ал a-UPR жасуша жолын шектен тыс белсендіретін болса, қатерлі ісіктің жойылуына ықпал етеді. ErSO дәрісінің осы салада осы уақытқа дейін қолданылып келген өзге препараттарға қарағанда теріс әсері жоқ. Омырау обырының шамамен 75 пайызы эстроген рецепторы бойынша оң нәтиже көрсететіндіктен ErSO кеңінен тараған осынау қатерлі ісікке қарсы тиімді дәрі ретіде алға шығады. Бұған қоса, аталған препарат эстрогені бойынша оң нәтие көрсете бермейтін қатерлі ісік ауруларында да тиімділігін танытуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат