Адвокаттарға арналған хижаб тігілді
Адвокаттарға арналған хижаб тігілді
3 жыл бұрын 2695 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ұлыбританиядағы Карлия Ликургу және Марьям Мир есімді қылмыстық істерге маманданған адвокаттар сот отырысында киюге қолайлы  хижаб концепциясын әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Олардың айтуынша, өздерінің хижаб үлгісі дресс-кодқа сәйкес келеді. Жаңа хижаб қыста да, жаз мезгілінде де жайсыздық тудырмайтын бамбук жібегінен тігілетін болады. Байқасаңыздар, соңғы жылдары әр салада жұмыс істейтін мұсылман әйелдер өздерінің мамандағының ерекшелігін ескеретін стандартты басшылыққа алып, хижаб үлгілерін әзірлейтін болып жүр. Әр аймақтың, мәселен, африкалық мұсылман әйелдер мен араб әйелдерінің немесе оңтүстік-шығыс азиялық мұсылман әйелдердің хижаб үлгілерінен гөрі түріктердің шаш пен мойынды мейлінше тарта қымтайтын хижаб үлгісі осы заманғы лайықталып, қандай да бір кәсіп иелері үшін пайдаланылады. Бұл үрдіс өз кезегінде әр сала бойынша хижабтың халықаралық стандарттарының қалыптасуына ықпал етпек. 

Ұқсас материал:

"Медицина компаниясы ЖҚҚ хижабын шығаруға кірісті" (https://islam.kz/kk/news/alem/meditsina-kompaniyasy-jqq-hijabyn-shygaruga-kiristi-15029/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат