Медицина компаниясы ЖҚҚ хижабын шығаруға кірісті
Медицина компаниясы ЖҚҚ хижабын шығаруға кірісті
3 жыл бұрын 3075 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Британия компаниясы емханада шариғат пен тазалық талаптары сақталуы үшін медицина қызметкерлеріне арнап, жеке қорғаныш құралын шығаруға кірісті. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл хижаб бір жағынан аса қауіпті COVID-19 жұқпалы індетімен күрестің бел ортасында жүрген медицина қызметкерлерінің вирустан сақтануына да көмектеседі. ЖҚҚ хижабы тек бір жолғы пайдаланылатын материалдан тігілген, алайда, болашақта бірнеше рет пайдалануға жарайтын материалдан тігілмек. Қазіргі уақытта ЖҚҚ жижабы Уэст-Мидлендстегі емханаларға таратылған. Британ медицина компаниясының өкілдер жуық арада ел аумағындағы барлық емханаларға таратылып, ұлттық деңгейде пайдаланылатын бірегей қорғаныш құралына айналдыруды жоспарлап отырғандарын жеткізді.  Мұндай хижаб тек науқастарды қарайтын емхана қызметкерлеріне ғана емес, сонымен қатар, ғылыми-зерттеу жұмыстары кезінде жүргізілетін тәжірибе барысында да, тағам өнеркәсібінде де жұмыс істейтін аспаздарға да керек. Десе де осы тұста бұл ЖҚҚ хижабы шариғи мақсаттан бөлек медициналық мақсатта да пайдаланылуы үшін бір жолғы жалғыз хижаб емес, өткен жылы Миннесоталық сәнқой (модельер) әрі органикалық хна мен хижабқа мамандандырылған Henna & Hijabs шағын дүкендер желісінің қожайыны залалсыздандырып, қайта пайдалануға болатын гигиеналық жижаб концепциясын әзірлеген болатын.

0 пікір
Мұрағат