Тұшшы суға қауіп төнді
Тұшшы суға қауіп төнді
3 жыл бұрын 2392 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Жаһандық жылыну қалыпты климат белдеуіндегі суы тұшшы көлдердегі оттегінің мөлшерін кемітеді. Бұл жайт өз кезегінде биологиялық әр алуандылыққа ғана қатер төндіріп қоймай, сонымен қатар, ауыз су сапасына кері әсерін тигізеді. Бұл жайында islam.kz порталы бұл тараптағы халықаралық ғалымдар тобының зерттеу материалы жарияланған Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл бағытта күллі әлем бойынша 400-ге тарта көлдің 4500-нан аса температуралық әрі оттегілік бейініне қатысты 1941 жылдан бері жиналған деректерді зерделеп сараптаған екен. Мәліметтердің көбісі солтүстік және оңтүстік ендіктердің 23-тен 66 градусқа дейінгі аралықтағы қалыпты климат аймақтарынан жиналған. Белгілі болғандай, көлдер мұхиттарға қарағанда оттегіні 2,75-9,3 есе тез жоғалтатын болып шықты. 1980 жылдан бері зерттелген  көлдердегі оттегі мөлшері беткі жағында 5,5 пайызға, ал түп жағында 18,6 пайызға кеміген. Бұл соңғы он жылдағы Цельсия бойынша 0,38 градусқа жылыған тұшшы су температурасының артуынан орын алып отыр. Судың беткі жағындағы оттегінің шоғырлану деңгейі аталған мерзімде 0,11 миллиграммға төмендеген. Көлдер құрлықтың шамамен үш пайызын алып жатса да олар жердің биологиялық әр алуандылығының тепе-теңдігін сақтауды орасан зор рөл атқарады. Темперутаның көтерілуі бұл айтылғандардан бөлек балдырдың (цианобактерияның) көбеюіне жол ашады, балдыр өзге тірі организмдерге қауіпті улы зат бөледі. Мұндай көлдердің түбінде оттегі аз болады, есесіне, беткі жағында оттегі мөлшері көбейіп, өз кезегінде балдырдың қаптап өсуіне ықпал етпек. Бұдан бөлек, оттегінің азаюы метан бөлетін анаэробты бактерияның өсіп-өнуіне ықпал етеді. Нәтижесінде көлдегі су парникті газды молынан бөліп, климат дағдарысын тереңдетеді.

Ұқсас материалдар:

«Әлем бойынша тұшшы су қорына қауіп төніп тұр» (https://islam.kz/kk/news/alem/alem-boiynsha-tushshy-su-qoryna-qauip-tonip-tur-15178/#gsc.tab=0);

«Әлем бойынша тұшшы су қорларының орын ауыстыруы» (https://islam.kz/kk/news/arturli/alem-boiynsha-tushshy-su-qorlarynyn-oryn-auystyruy-video-10239/#gsc.tab=0);

«30 минуттың ішінде тұзды суды тұшшы суға айналдыратын технология жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/30-minuttyn-ishinde-tuzdy-sudy-tushshy-suga-ainaldyratyn-tehnologiya-jasaldy-14149/#gsc.tab=0);

«Ауызсу алудың табиғи сүзгісі – ағаш сүзгі патогендерді залалсыздандырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/auyzsu-aludyn-tabigi-suzgisi-agash-suzgi-patogenderdi-zalalsyzdandyrady-15014/#gsc.tab=0);

«Енді бір жиырма жылдан кейін әлемдегі қай елдер ауыз су тапшылығын тартады?» (https://islam.kz/kk/news/alem/endi-bir-jiyrma-jyldan-keiin-alemdegi-qai-elder-auyz-su-tapshylygyn-tartady-7778/#gsc.tab=0);

«Адамзаттың 5/1 бөлігі жердің шөгуінен зардап шегеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/adamzattyn-51-boligi-jerdin-shoguinen-zardap-shegedi-14624/#gsc.tab=0);

0 пікір
Мұрағат