30 минуттың ішінде тұзды суды тұшшы суға айналдыратын технология жасалды
30 минуттың ішінде тұзды суды тұшшы суға айналдыратын технология жасалды
4 жыл бұрын 5034 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлем тұрғындарының қарасы жылдан жылға артып келеді, осыған байланысты ресурсқа деген сұраныс артып келеді. Әлемде тұшшы судың қоры үш пайызға жете-қабыл. Осының өзі адамзаттың қажетін өтеуге жетеді. Алайда, су ресурсы тең бөлінбегендіктен климаты қатал аймақтар су тапшылығын тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы monash.edu ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

Әлемдегі тұшшы судың 70%-ы ауыл шаруашылығы үшін пайдаланылады. Тұшшы су тапшы Саудиядағы суды тұшшыландыру қондырғылары елде тұшшы судың 70%-ын қамтамасыз етеді. Ал су тапшылығын тартып отырған Мароккада ауызсуды тұманнан өндіріп алуға көшкен. Бұл тым қымбатқа түсетін технология: күніне екі мың литр тұшшы су алатын жүйенің жұмысы 15 мың долларға бағаланады. Бүгінде әлем тұрғындарының 40%-дан астамы су тапшылығын тартып отыр.

Жылдан жылға көкейтестілігі артып келе жатқан су тапшылығын мәселесін шешу үшін ғалымдардың халықаралық тобы түрлі технологияларды ойлап тауып жатыр. Алайда, олардың барлығы дерлік тым қымбатқа түседі әрі энергияны көп тұтынады. Бұл кілтипанды еңсеру үшін тұзды суды бар-жоғы 30 минуттың ішінде күн сәулесінің көмегімен ауызсуға айналдыруға болатын технологияны жұртшылықтың назарына ұсынып отыр. Ғалымдар аталмыш технологияның су тапшылығын шешуге көмектесетініне сенімді.

Металлоорганикалық каркас (MOF) — белгілі материалдар арасында беткі жағында барынша үлкен аумақта кристалдық материал түзетін металл иондарынан тұратын қосындылар класы. Ғалымдар PSP-MIL-53 деп аталатын арнайы MOF жасады. Ол адсорбциялық және регенерациялық қасиеттері жоғары әрі жарыққа сезімтал материал. Бұған қоса, оның қалпына келуіне күн сәулесі де етіп жатыр. Жаңа материалдың көмегімен инженерлер тәулігіне 139,5 литр тұзды суды тұшшы суға айналдырды. «Күн сәулесі – жер бетіндегі ең кеңінен тараған жаңғыртпалы энергия көзі. Біздің құрылғымыз регенерациялауға күн сәулесін пайдаланатын, адсорбент негізіндегі энергияны үнемдей отырып, экологиялық жағынан қауіпсіз жолмен су тұшшыландырады»,- деп мәлімдеді осы бағытта ізденген ғалымдар.

Дүниеүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген дерекке қарағанда, су миллионға есептелген  (ерітіндідегі қатты заттардың (TDS) < 600 жалпы саны бойынша) жақсы деп саналады (ppm). Ал ғалымдардың аутынша, аталмыш технология 30 минут ішінде TDS < 500 ppm көрсеткішіне қол жеткізуге әрі MOF-ты төрт минуттан соң қайыра пайдалану үшін күн сәулесінің көмегімен қалпына келуіне мүмкіндік береді. 

0 пікір
Мұрағат