|
Өз азаматтарына қажылыққа баруға тыйым салған мемлекет
|
Индонезияның дін министрлігі биыл қасиетті сапарға аттанғысы келетіндерге пандемияға байланысты қажылыққа баруға тыйым салмақ. Бұл жайында islam.kz порталы CNN Indonesia ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш елдің дін министрі Иақұт Шолыл Құмас мемлекет басшысы Жоко Уодидомен кездесуі кезінде осындай шешімге келген. Осы тұста Индонезия билігінің қасиетті сапарға аттанғысы келетін азаматтарын өткен жылы да, яғни, жұқпалы індет өршіп тұрған 2020 жылы да сақтық танытып, жібермегенін естеріңізге сала кетпекпіз. Бұдан бөлек, Саудия билігі Индонезияға қажылық квотасын бермеген болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мысыр Nvidia технологияларын қолдана отырып, құны 1 миллиард доллар болатын дата-орталықтың AI орталығын салады
■
Бейнебақылау камерасының адам психикасына бейсаналы әсерінің салдары анықталды
■
Маймыл тапшылығы тұтас индустрияның дағдарысына бастайды
■
Адам ДНҚ-нан “құдіретті күштің” ізі табылды
■
Макао мұсылман саяхатшыларын тарту үшін халал индустриясын дамытады