Түс – болашақтың хабаршысы (жаңа гипотеза)
Түс – болашақтың хабаршысы (жаңа гипотеза)
3 жыл бұрын 2623 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бұл бағытта арнайы жүргізілген тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, түс өткен шақтағы түрлі естеліктерді қамтиды әрі болашақта орын алуы ықтимал оқиғалардың айнасы. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Sleep мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бастан өткен жағдайлардың жадқа айналуы мен жинақтаған тәжірибе өз кезегінде келешектегі бастан кешкенге ұқсас ахуалдарға лайықты деңгейде жауап қатуға көмектеседі. «Болашақтың эпизодтық симуляциясы» деп аталатын гипотезаға сәйкес адам бұрын басынан кешірген түрлі эпизодтардың фрагменттерін (жұрнақтарын, бөліктерін) біріктіріп, әлі орын ала қоймаған оқиғалар симуляциясын ойша бағдарлайды. Оңтүстік Каролиндегі (АҚШ) Фурман университетінің Эрин Уэмсли есімді ғалымының тұжырымы осындай. «Мыңдаған жылдар бойы адамзат түстің мәне мен маңызын түсінуге талпынып келеді. Біз бұл арада жадыда сүзгіден өткенді көрсететінін дәлелдейтін жаңа айғақты ұсынамыз. Оның өткен шақтың тәжірибесін қамтитыны бұрыннан белгілі болса да біздің дерегіміз бойынша түс болашақта болуы ықтимал жайттардан да алдын ала хабар береді»,- деп бұл тараптағы зерттеудің ерекшелігі неде екенін түсіндірді психология кафедрасының доценті әрі когнитивті нейробиология дәрігері Эрин Уэмсли. Тәжірибеге өз еркімен қатысқан 48 студенттің түстері полисомнография құралының көмегімен анықталды. Ларды бір түнде 13 рет оятып, ұйықтап бара жатқанда, тез және баяу ұйқы фазаларында қандай түс көргендерін сұрап отырды. Ғалымдар студенттердің түстері бойынша 481 есепті сараптамадан өткізді. Енді нәтижесіне қараңыз: түстердің жартысынан көбісі өткен шақта бастан кешкендерін құраған (53,5%); ал тқрттен бір бөлігі (25,7%) нақты болашақтағы оқиғалармен байланысты болып шыққан. Ал 49,7%-да түрлі сипатта болған. Бір қызығы, түн ұзарған сайын олардың болашаққа бағдарланған түсі қарқын алған. Бұдан бөлек, болашаққа қатысты бағдарланған түстердің түп негізі түрлі естеліктерден құралған.  Әлбетте, түс нақты өмір шындығымен көп қабыса бермейді, десе де жадының болашаққа қатысты фрагменттерінің белсенділігі мен рекомбинациясы адамды келешектегі жағдайға бейімдейтіні белгілі болған.

Ұқсас материалдар:

«Біртүрлі түстер гипотезасы пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/birturli-tuster-gipotezasy-paida-boldy-15314/#gsc.tab=0);

«Адам неге түс көреді? Жаңа гипотеза пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-nege-tus-koredi-jana-gipoteza-paida-boldy-15234/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат