Әлемде ішкі босқындар қарасы рекорд орнатты
Әлемде ішкі босқындар қарасы рекорд орнатты
3 жыл бұрын 1552 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Күллі әлем жұқпалы індеттен сақтанудың қатаң шараларын қолға алып, шектеу енгізіп, оқшауланса да өткен жылы ішкі босқындар легі артқан. Бұл жайында islam.kz порталы golosislama.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұған қарулы қақтығыстар, табиғи апаттар, соның ішінде климат өзгерісіне байланысты орын алған стихиялық апаттардан жылы орнын суытқандар қарасы 40,5 млн адамға жеткен. Ішкі қоныс аудару мониторинг орталығы (IDMC) мен Норвегияның босқындар ісі жөніндегі кеңесі (NRC) келтірген дерек осындай. Бұл көрсеткіш соңғы 10 жыл ішіндегі ең ірі қоныс аудару болып табылады – 55 млн адам осы жылдар ішінде қоныс аударғандар саны. Ел аумағында қоныс аударушылар саны шекара асқандарға (шамамен 26 млн адам)  қарағанда екі еседен көп. Аталған ұйымдардың мәліметі бойынша ішкі қоныс аударушылардың төрттен бірі сел-тасқын мен көшкіннен, құрғақшылық пен зілзаладан, т.б. табиғи апаттардан бас сауғалаған. Мұндай себеппен жылы орнын суытқандар дені Азия-Тынық мұхиты аймағында кездескен. Бұдан бөлек, Таяу Шығыс пен Сахара шөлінен оңтүстікке қарай орналасқан елдерде маусымдық нөсерден миллиондаған адам ауа көшкен. Бұдан бөлек,  млн адам зорлық-зомбылық пен әскери операциялардан қашып, өзге өңірге босып кеткен. Мұндай себеппен ішкі қоныс аударушылардың дені Конго демократиялық республикасында, Сирияда, Эфиопияда көптеп кездеседі. Мозамбикте және Буркина-Фасода, сондай-ақ, Ауғанстанда қарулы қақтығыстан қашқандар қарасы артқан. Соғыс қатерінен қашқан босқындарға қарағанда климат өзгерісі мен табиғи апаттарға байланысты қоныс аударғандар атақонысына тез оралады – стихиялық апаттан зардап шеккен, бүлінген үй-жайы мен шаруасын қалпына келтіру үшін. Ал зорлық-зомбылықтан бас сауғалағандардың атамекеніне оралуы неғайбыл немесе араға жылдар салып оралады. Өкінішке қарай, ішкі қоныс аударушылардың дені мұсылмандар болып отыр. Мына жайт та сарапшылар назарынан тыс қалған жоқ: өткен жылы қарулы қақтығыстың көбісі климат өзгерісінен ең көп зардап шеккен немесе шегетін аймақтарда орын алған, яғни, тек соғыстан ғана емес, сонымен қатар, табиғи апаттан да зардап шеккен, яғни, екі бірдей зұлматтан бас сауғалағандар қарасы 95 пайызды құраған.

0 пікір
Мұрағат