Қытайдың ірі держава болуына кедергі келтіретін бір кемшілігі бар
Қытайдың ірі держава болуына кедергі келтіретін бір кемшілігі бар
3 жыл бұрын 11275 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық RAND корпорациясының сарапшылары соңғы жылдары экономикасы қарқынды дамуына байланысты өзінің экономикалық әрі саяси ықпалын арттыратын жобаларға (мәселен, «Бір білдеу – бір жол» ғаламдық жобасы) өзімен бәсекелес елдің пайда болуына қырын қараған АҚШ бастаған ірі державаларға тіс-тырнағын көрсете бастаған Қытайдың бүгінгі таңдағы әлемдік арендаға салмағына тоқталыпты. Бұл жайында islam.kz порталы RAND сарапшыларының бұл тараптағы баяндамасында келтірілген мәліметтерге жөн сілтей отырып мәлім етеді. Естеріңізде болса, осыдан аттай он ай бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған «Таяу Шығыс және Қытай» (қараңыз: https://islam.kz/kk/news/alem/tayau-shygys-jane-qytai-13652/#gsc.tab=0, https://islam.kz/kk/news/alem/tayau-shygys-jane-qytai-jalgasy-14145/#gsc.tab=0) сараптамалық материалымызда былай деппіз: «Қытай дамуының негізгі себептерінің бірі – Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі әрі ядролық қаруға ие бола тұра сыртқы саясатта өзіне қатысы шамалы геосаяси жанжалдарға араласқан емес. Мәселен, Израил-Палестина дағдарысын реттеуге атсалысқан жоқ. Бұл тарапта бейтарап позиция ұстанды. Экономикалық өрлеуге қол жеткізгеннен кейін ғой, амалдың жоғынан, өзінің нарығын кеңейту мақсатында, яғни, экономикалық мүддесін қорғау үшін сыртқы саясатта да белсенділік танытуға тура келгені». Оның үстіне, соңғы жылдары Қытай іргесіндегі елдермен жер дауын қайта қоздырып жатыр. Бұл енді өз алдына бөлек тақырып болғандықтан арнайы тоқталып жатпаймыз. Біздің айтқымыз келгені – америкалық сарапшылардың көзімен Қытайдың мықты жағы мен осал жағын бағамдау. Америкалық сарапшылар Қытайдың экономикалық қуатын аталған елдің басты көзірі ретінде бағалаған екен, осы көзірін пайдалана отырып, дәлірегі, өзге елдерге сауда-саттық байланысы мен инвестициясын ұсыну өз кезегінде Қытайдың ықпал ету аймағын ұлғайтуға мүмкіндік беретін тетік ретінде қарастырылыпты. Өзге елдерге тікелей әскери сес көрсетуге немесе қытайдың саяси моделін таңуға қарағанда Қытайдың мұндай тәсілі өтімді келеді. Осылайша Қытай өзінің ықпал ету аймағын кеңейтіп келеді. Бұдан бөлек, Қытай жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлық жайлаған автократиялық елдермен формалды емес қарым-қатынас орнату арқылы да өз мүддесін жүзеге асырып келеді. Тек автократиялық елдермен ғана емес, сонымен қатар, демократия үстемдік еткен Австралия, Оңтүстік Корея, Индонезия, Филиппин секілді елдердің элитасымен де осындай формалды емес қатынас орнатып жатыр. Десе де Қытайдың держава ретіндегі ең басты кемшілігі неде? Сидней қаласындағы (Австралия) Lowy Institute талдау орталығынің Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің қуатына қатысты интегралды реитингісінде Қытай көш бастаған. Яғни, аталған аймақта ықпал ету ағынан Қытайдың алдына түскен ел жоқ. Соған қарамастан, яғни, Қытай экономикалық ықпалы артқанына қарамастан өзге елдерге адами құндылықтарды негіз ететін дамудың тартымды моделін ұсына алмайды.Міне, бұл Қытайдың рдан ары дамуы мен ықпалын шектейтін фактор. Бұдан бөлек, сарапшылардың топшылауынша, Қытай экономикасы өзіндегі адам құқығына қатысты шектеулерге байланысты елеулі кедергілерге тап болмақ.

0 пікір
Мұрағат