Пәкістандықтардың ашу-ызасы: халықпен санаспаған билік, зая кеткен еңбек... (видео)
Пәкістандықтардың ашу-ызасы: халықпен санаспаған билік, зая кеткен еңбек... (видео)
4 жыл бұрын 7405 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Бүгінде жаһандық жылыну мен климат өзгерісіне қарсы күреске елеулі үлес қосу үшін әлем елдері жаңғыртпалы энергия өндіруден бастап, ел аумағын жасыл желекке айналдыру бойынша бір-бірімен жарысқа түскендей жанығып, жанталасып жатыр. Ниет жақсы, алайда, кейде асыра сілтеп, арандап қалып жатады. Жаһандық жылыну мен климат өзгерісімен тиімді күрес жүргізу мақсатында түрлі бағдарламалар қабылданып, түрлі бастамалар көтеріліп, түрлі науқандар қолға алынып жатыр. Пәкістан да көштен қалмау қамында мемлекеттік маңызы бар бағдарламаларды жүзеге асырып жатыр. Пәкістанның Хайбер аймағының Манди Касс ауданының тұрғындары жексенбіде ел билігінің бамтамасымен отырғызылған ағаштарды қопара жұлып жатыр. Жергілікті халықтың айтуынша, билік тарапы өздерінен ағаш отырғызатын жерді пайдалануға қатысты рұқсат сұрамаған. Осы өткен жексенбіде аталған ел премьер-министрі Имран Ханның пәрменімен ел аумағында бір күннің ішінде 3,5 млн ағаш отырғызылуы тиіс болатын. Мемлекет басшысының бұл бастамасына өз еркімен 1 млн-нан аса адам қатысып, ағаш отырғызған еді. Алайда жоғарыда айтылған елді-мекен тұрғындары 6000-ға тарта ағашты қайта қопара жұлып тастады. Жекеменшік жерге ағаш отырғыздыңдар деген желеумен. 

 

0 пікір
Мұрағат