Полициямен арадағы сөз автоматты түрде жазылатын қосымша жасалды
Полициямен арадағы сөз автоматты түрде жазылатын қосымша жасалды
2 ай бұрын 663 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың Нью-Джерси орта мектебінің 17 жастағы оқушысы (фотосуретте - ред.) Android-қа арналған, полициямен арадағы сөз жазылатын қосымша ойлап тапты. Полиция ұстаған немесе тоқтатқан жағдайда бұл туралы хабарлама оның достарына келеді, ал полициямен арада өрбіген сөз автоматты түрде әлеуметтік желілерге жарияланады. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі мәлім етті. PulledOver қосымшасын жасаған Аадитья Агравал Business Insider ақпарат көзіне берген сұхбатында бұл жобаға бір жылын сарп еткенін жеткізді. Мұндай қосымшаны жасауға АҚШ аумағында орын алған нәсілдік жікке байланысты орын алған дүрбелең түрткі болған. Дәлірегі, АҚШ-тағы қара нәсілді азаматты ақ нәсілді азаматтардың заңсыз тоқтатқаны наразылық акцияларына ұласып, жаппай тәртіпсіздік орын алған еді. PulledOver қосымшасын әзірге Google Play-де ғана қолдана аласыз. Аталмыш қосымшаны пайдалану үшін аккаунт ашып жатудың қажеті жоқ – пайдаланушы шұғыл контактіні қосса жетіп жатыр – қай жерде болмасын, қоғамдық орындарда да, үйінде де полиция қызметкерлерімен кездескен жағдайда билік өкілдерімен арадаға әңгіме, хабарлама, видео жоғарыда айтылған орындарға жөнелтіледі. Яғни, бұл қосымшаны пайдаланушыны полиция тоқтатқан жағдайда қосымшаны қосуы тиіс, ол автоматта түрде арадағы әңгімені жазуды бастайды. Егер жарты сағаттан кейін қосымшаны пайдаланушы «мен қауіпсіздіктемін» деген белгіні баспаса, онда полициямен арадаға диалог жазылған видео мен геолокация шұғыл контактіге жөнелтіледі. Содан соң қалауына қарай полициямен арадағы диалог жазылған видео автоматты түрде әлеуметтік желінің кез келгеніне жарияланады. Бұл тараптағы таспаға тартылған материалды өзге пайдаланушымен бөлісуге болады. Әлбетте, полициямен арадағы диалог тек жағымсыз сценарий бойынша емес, жағымды сипат алуы мүмкін. Бұл қосымша олардың халықпен қалай жұмыс істейтінін паш етіп, билік өкілдерінің жағымды имиджін қалыптастыруға көмектеседі. Десе де аталмыш қосымшаның әу бастағы жасалу мақсаты – билік өкілдері тарапынан заңсыздықтың алдын алуға бағытталған, полицияның өз өкілеттілігін асыра сілтеуінен азаматтарды сақтандыруға бағытталғанын айта кету керек. Аталмыш қосымша әзірге Google Play дүкендер желісіндегі Android смартфондарында ғана қолдануға болады. Кейін AppStore-де қолданылуы мүмкін. Жыл соңына дейін. Аталмыш қосымша тегін болғандықтан онда жарнама болмайды.

0 пікір
Мұрағат