Гормонның бұзылуынан организмге қандай қауіп төнеді
Гормонның бұзылуынан организмге қандай қауіп төнеді
1 ай бұрын 1062 multiurok.ru

Гормон – эндокриндік бездер шығаратын биологиялық белсенді заттар. Эндокриндік бездер гормондарды қанға шығарады. Қанмен бірге гормондар бүкіл денеде жүреді, зат алмасуды және белгілі бір ағзалардың жұмысын реттейді. Адамның 9 эндокринді бездері бар және олардың әрқайсысы бірден бірнеше гормонға айналады. Кейбір ағзалар, нақтырақ айтқанда, бүйрек, асқазан-ішек жолдары және бауыр гормондар шығаруға көмектеседі. Мидың кішкене бөлігі болып табылатын гипоталамус – барлық гормондардың жұмысын ұйымдастырады. Егер гормонның бөлінуінде ешқандай кінәрат болмаса, адам өзін жақсы сезінеді әрі денсаулығы жақсы болады. Ал егер гормон дұрыс бөлінбесе, онда денсаулығы сыр береді. Бұл тарапта ernur.kz порталында жарияланған Л. Ахметованың материалын назарларыңызға ұсынамыз. 

Гормон қалай жұмыс істейді?

- 6:00-ге дейін ағзаңызда "бақыт гормоны" деп аталып кеткен СЕРОТОНИН оянады.

- таңғы 6:00- де КОРТИЗОЛ оянады. Бұл гормон ағзаңызға күні бойы қуат сыйлайды. Ал егер ұйқыдан тұра салып, 500 мл су ішіп, таңғы жаттығуға кіріссеңіз, онда СТРЕСС гормонын шайып жібересіз.

- 7:00-де МЕЛАТОНИН гормоны бөлінуін тоқтатады. Өз орнын жыныс гормондарына босатады. Ары қарай ұйықтаудың қажеті жоқ.

- таңғы 8:00-де жыныс гормоны өз жұмысын бастайды. Міне, осы кезде жаттығу жасап, спорт залына барсаңы,з ағзаға өте пайдасы мол болады.

- 10:00 – 14:00 – нейрогормон қызметке кіріседі. Ол есте сақтау қабілетінің жақсаруына, мұқияттылық танытуға, қырағы болуға септігін тигізеді. -

- 14:00 – 16:00 – ұйқы келетін уақыт. Осы кезде өзіңізді қинамай, 20 минут көз шырымын алыңыз. 20 минутта ештеме жоғалтпайсыз. Керісінше кешкі жұмысқа қабілетіңіз оянады. Ең бастысы, бұл уақытта ӨСУ гормоны белсінділік танытады. Бұл гормон сұлулық пен жастыққа жауап береді.

- 17:00-де КОРТИЗОЛ жұмысын баяулатады. Маңызды шаруаларды қабылдауды кейінге шегересіз. Ал спортпен айналысуға үзілді-кесілді қарсылық танытыңыз.

- 21:00-де МЕЛАТОНИН гормонының жұмысы басталады. Дене қызуы төмендеп, жаныңызға жылу іздейсіз. Осы кезде мейлінше отбасыңыздың, жақындарыңыздың жанында болуға, оларды құшақтауға тырысыңыз.

- 22:00-де наркотикалық қасиеті бар ЭНДОРФИН гормоны бөлінеді. Тап осы уақытта ұйқыға жатсаңыз, түніңіз тыныш әрі жайлы болады. Сонда күні бойы алған стрестен арыласыз, шаршау басылады әрі таңертең сергек оянасыз.

- 2:00-де ӨСУ гормоны оянады да, кішкентайларды тәтті ұйқы құшағына алып кетеді. Ал үлкендердің сұлу әрі өмір бойына жас қалпын сақтап қалуға ықпал етеді.

Гормонның бұзылуына не себеп болады?

- Ұзаққа созылған стресс және толқу. Бір жағдайға байланысты осындай мазасыздыққа тап болсаңыз, кортизол атты гормонның бөлінуі бұзылады.

- Гормондық дәрілерді қабылдау. Есіңізде болсын! Біреуден естіп гормондық дәрілерді қабылдаушы болмаңыз. Аурудың белгілері бірдей болғанымен, сіздің ағзаңыз, ауруыңыз басқаша болатыны анық. Міндетті түрде арнайы маманның кеңесін алғаныңыз жөн.

- Тұқымқуалау. Өкінішке орай, осы себептен гормонды бұзылыстар орын алса, оны емдеу қиынға соғады.

- Дұрыс тамақтанбау. Кейбір тағамдардың құрамында гормонның бөлінуіне кедергі жасайтын заттар болады. Сондықтан да мейлінше дұрыс тамақтануға әдеттеніңіз.

Гормонның бұзылғанын қалай білеміз?

Егер гормон өз деңгейінен асып кетсе немесе кеміп қалса, ағза мынадай белгі береді:

- әлсіздік;

- естен тану немесе себепсіз салмақ жоғалту;

- безеу, бөртпе шығу;

- инсулиннің жетіспеуінен қант диабеті пайда болады;

- шаш түседі;

- әйелдердің денесіне түк пайда болады;

- ұйқысыздық;

- төсек қатынасқа құштарлық бәсеңдейді.

Егер осы белгілерді байқасаңыз, өз бетіңізше ем алуға асықпаңыз. Міндетті түрде ЭНДОКРИНОЛОГ дәрігердің қабылдауына жазылыңыз.

Гормон бұзылысын қалай анықтаймыз?

- маңызды ағзаларды УДЗ өткіземіз;

- тамырдан қан тапсырамыз;

- бас миды компьютерлік томографияға түсіреміз.

Осы сараптаманың қорытындысына қарап, арнайы ем шаралары жүргізіледі.

Емделу жолдары:

- арнайы диета;

- гормоналдық терапия. Яғни, дәрі, пластырь, крем және екпе;

- дәруменді терапия.

Ескерту! Емді дәрігердің тағайындауымен ғана жүзеге асыру керек.

0 пікір
Мұрағат