Кофенің кесірінен тропикалық орман жойылу алдында тұр
Кофенің кесірінен тропикалық орман жойылу алдында тұр
4 ай бұрын 858 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті
  • Дамыған елдерде кофеге сұраныстың артуы тропикалық орманға тікелей қатер төндіріп тұр. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Ecology & Evolution мерзімді басылымы мен Phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Естеріңізде болса, осыдан 20 күн бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған «17 жыл ішінде Франция аумағындай тропикалық орман жойылған» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/17-jyl-ishinde-frantsiya-aumagyndai-tropikalyq-orman-joiylgan-14931/#gsc.tab=0) материалымызда айналдырған аз уақыттың ішінде тұтас бір мемлекет аумағындай тропикалық орманның оталып кеткені тірасында айтып өткенбіз. Адам қолымен келген апат мұнымен ғана тоқтайтын түрі көрінбейді. Бұл сөзімізге таяуда бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі делел бола алады. Ұлыбритания мен өзге де ауқатты елдердегі кофеге сұраныс жылына бір адамға шаққанда төрт ағаштың жойылуына себеп болған.
  •  
  • Аталған зерттеуге атсалысқан RIHN доценті Кейитиро Канемото мен аға ғылыми қызметкер Нгуен Тьен Хоанго жылдан жылға қарқын алып келе жатқан сауда-саттықтың қоршаған ортаға, биологиялық әр алуандылыққа зиянын тигізбесе, пайдасы болмай тұрғанын жеткізді. Бұл тараптағы зерттеуде 2001-2015 жылдар аралығындағы әлем бойынша орман-тоғайдың кему көрсеткіші сарапталған. Орман-тоғай құрлықтың шамамен үштен бірін алып жатыр. Бұдан бөлек, тропикалық ормандар жер бетіндегі барлық өсімдік пен жануарлардың 50-90 пайызына дейінгісінің тіршілік ету ортасы. Бұған қоса, тропикалық орманның климат үшін маңызы бөлек – көмірқышқыл газының мол мөлшерін сіңіреді.
  •  
  • Соңғы он жыл ішінде Амазонияда, Орталық Африкада, Индонезияда және Азияның өзге де бірқатар аймақтарында тропикалық орман аяусыз оталған. Кофе өсіретін плантация аумағын кеңейту үшін. Кофеден бөлек какао, т.б. өнімдерге деген тұтынушылық сұранысты тропикалық орманды отау есебінен жүзеге асырып жатыр. «Үлкен жетілік» (АҚШ, Канада, Франция, Германия, Италия, Ұлыбритания және Жапония) құрамындағы бес елдегі кофеге деген жоғары сұраныстан тропикалық орманның 90 пайыздан астамы оталып кеткен. Мәселен, Германиядағы какаоға деген сұраныс Кот-д'Ивуар мен Ганадағы орман-тоғайға қауіп төндіріп тұр. Ал күнжіт пен мақта, ванилге сұраныс Танзаниядағы тропикалық орманның басына қара бұлт үйіруде. Қытайдағы сұраныс өз кезегінде Солтүстік Лаос аумағындағы орман-тоғайдың оталуына алып келген – каучук плантациясының аумағын ұлғайту үшін. Бір ғана АҚШ-тың өзі Камбоджадағы ағаш, Либериядағы каучук, Гватемаладағы жеміс-жидек пен жаңғақ, Бразилиядағы соя мен сиыр етіне сұранысы жоғары ел болғандықтан аталған елдердің қоршаған ортасына орасан зор салмақ салып отыр.

Қосымша мәлімет: 

Десе де тропикалық орманды дәл осы кофе құтқарып қала алады, дәлірегі, кофе өндірісінің қалдығы тропикалық орманның қалпына келуіне ықпал етпек. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, кофе целлюлозасы топырақтың құнарын арттырып, орман ағаштарының шапшаң өсуіне ықпал етеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Гавай университеті ғалымдарының бұл тараптағы аттай екі жылға созылған зерттеу нәтижесіне жөн сілтеген Phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар Коста-Рикадағы дегредацияға ұшыраған бұрынғы кофе фермасына тиесілі екі жер телімін қалпына келтіріп жатыр. 1950-ші жылдары басталған Гавай кофе плантациясы мен жайылым үшін оталған тропикалық орманның 75%-нан айырылып қалған болатын. 2014 жылғы есеп бойынша. Аталған екі алқаптың біреуіне зо жүк көлігімен кофе целлюлозасы төгіледі, екіншісі сол қалпы қалдырылады. Аталған зерттеуге жетекшілік еткен Ребекка Коулдың айтуынша, кофе целлюлозасымен өңделген аумақ енкі жыл ішінде айқалған орманға айналған. Ал екінші алқапты арам шөп басып кеткен. Бұған қоса, кофе целлюлозасымен өңделген топырақтың құрамы байып, көміртек, азот, фосфор секілді қоректік элементтер мөлшері артқан.

Ұқсас материалдар:

«17 жыл ішінде Франция аумағындай тропикалық орман жойылған» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/17-jyl-ishinde-frantsiya-aumagyndai-tropikalyq-orman-joiylgan-14931/#gsc.tab=0);

«Адамзат өзіне көр қазып жатыр» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/adamzat-ozine-kor-qazyp-jatyr-11822/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат