Кәрі қыздардың көбеюіне байланысты қалыңмалдың мөлшеріне шектеу қойылады
Кәрі қыздардың көбеюіне байланысты қалыңмалдың мөлшеріне шектеу қойылады
9 жыл бұрын 3410

Мекке провинциясының губернаторы мен Сауд Арабиясы королінің кеңесшісі, ханзада Халид әл-Фейсал оң жақта отырып қалған кәрі қыздардың көбеюіне байланысты мынадай жарлық шашты: егер қалыңдық есік көрмеген болса, оның қалыңмалдың мөлшерін 50 мың реалдан (13,3 мың доллар), ал ажырасқан немесе жесір қалғандар үшін 30 мың реалдан (8 мың доллар) асырмауы тиіс. Тұрмыс құратын жасқа жеткен бойжеткендердің оң жақта отырып қалуына көбінесе қалыңмалдың тым қымбатқа түсетіні, яғни, қалыңдықтың ата-анасының қыздарының бағын байлап, көп ақша сұрайтыны себеп болған. Сол себепті, саудиялық жігіттер шетелдіктерге үйленгенді қолай көреді. Мәселен, 2010-2014 жылдар аралығында күйеуге шықпаған кәрі қыздардың қарасы 1,5 млн-нан 4 млн-ға дейін көбейген. Бұған қоса, ханзада Фейсал тайпа көсемдерін королдік аумағында қалыңмалдың нақты бір мөлшерін белгілеуге шақырды. Ханзаданың бұл бастамасын имамдар мен ислам ғұламалары да қолдап отыр. Мәселен, Жидда қаласындағы неке қию рәсіміне жауапты шейх Әлі әл-Мәлік қалыңмалдың 10 млн реалға (2,66 млн доллар) дейін жеткеніне куә болғанын жайып салды.


 

1 пікір
Мұрағат