Жезөкшелерді жабық киініп жүруге міндеттейтін болды
Жезөкшелерді жабық киініп жүруге міндеттейтін болды
9 жыл бұрын 3715

Италияның  Милан — Кремон тасжолын торуылдайтын жезөкшелерді тәнін, дәлірегі, әурет жерін жалаңаштап жүрмесі үшін оларға кеудесіне жарықты шағылыстыратын жилет киіп жүруге, ал қысқа белдемшені шалбармен ауыстыруға міндеттейтін болды. Бұл ұсынысты жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Спино-д'Адда қаласының билігі білдірген болатын. Бұл жайында The Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Шенеуніктердің сөзіне қарағанда, жезөкшелер тасжолда жол-көлік апатын тудыратын ахуал қалыптастырып отыр. Сол себепті, олар жұмысшылар секілді арнайы киім киюі керек. Аталмыш ереже үстіміздегі жылдың қыркүйек айында күшіне енеді. Ережені бұзғандарға 500 еуро айыппұл салынды. Қайталанған жағдайда полиция учаскесіне алып кетеді. Ал The Independent ақпарат көзінің хабарына қарағанда, «Экспо-2015» халықаралық көрмесі мамыр айының 1-нен қазан айының 31-не дейін Милан қаласында өтетіндіктен ақша тауып қалғысы келген жезөкшелер осы тасжолдың бойын торуылдайтын көрінеді. Олардың қарасы 15 мыңға дейін жеткен екен. Айта кетейік, Италияда жезөкшелік заңдастырылмаған. Десе де олардың интимдік қызметіне де тыйым салынбаған. Тек жеңгетайлар мен адам саудагерлері ғана жазаланады. Ұйымдасқан түріне, соның ішінде жезөкшелер үйінде қызмет көрсетуге сонау 1958 жылы тыйым салынған.

 

0 пікір
Мұрағат