Жануарлар әлемі: Кейуанаға тіл тигізген тотықұс жазаланды
Жануарлар әлемі: Кейуанаға тіл тигізген тотықұс жазаланды
9 жыл бұрын 6792

Полицияға 85 жастағы кейуанадан арыз түсті. Шағымда айтылғандай, кейуананыңүйіндегі тотықұс оған тіл тигізген, деп хабарлайды 24.kz.

Артынша қанаттыны оның иесі Суреш Сакхаркардың сөйлеуге 2 жыл бойы үйреткені анықталды. Сөйтсе, бұл адам кейуананың кезінде асырап алған баласы екен. Ол тотықұсты балағат сөздерге үйретіп, анасы келген кезде айтуға дағдыландырып қойыпты.

Тілі шыққан тотықұс кейуана үйге келген сайын оны «ренжітіпті». Белгілі болғандай, анасы мен оның асырап алған ұлы арасында осыған дейін мүлік пен жерге байланысты талас-тартыс туған.

Бір қызығы, полиция бөлімшесіне жеткізіліп, қамалған тотықұс «ләм-мим» демепті. Қазір ол орман шаруашылығына берілген, деп жазады gazeta.ru.

 

Үйінде 150 қолтырауынды асырап келген

BAQ.KZ ақпарат көзінің хабарлауынша, канадалық азамат үйінде 150 қолтырауынды ұстап отырған. Жануар қорғаушылардың үздік операциясының арқасында жануарлар 8 сағат ішінде жаңа зообаққа әкелінді.

Канадалық тұрғын ұзақ жылдар бойына кайман, аллигатор тәрізді қолтыраунның бірнеше түрін үйінде заңсыз ұстап отырған. Олардың жастары әртүрлі, ұзындықтары 3,5 метрге жуықтайды. Бауырмен жорғалаушы жануарлар Торонтоның шекарасына жуық маңдағы кішкентай үйде өмір сүріп келген.
Жекеменшік қолға бұл жануарлардың қашан, қалай түскені әзірге белгісіз болып отыр. Indian River Reptile Zoo бағы өкілдіктерінен қолтырауындардың иесі көмек сұрап келген. Қазігі күні қолтырауындар зообақ қарауында. Қолтырауындар туралы жақын маңдағы көршілердің хабарсыз болуы мамандарды таң қалдырып отыр. Сонымен бірге Торонтода үй жағдайында көптеген жануарларды ұстауға тиым салынған. 1998 жылы қала әкімдігіне қолтырауын, жылан, кесіртке, жанат, шошқа тәрізді жануарларды асырайтындардың үстінен көршілерінен 1500-ден астам шағым түскен.

Қолтырауындардың иесі зообаққа қаржылай көмек беріп отыр, енді зообақ аумағы кеңейе түсетін болады.

0 пікір
Мұрағат