Күйзеліс ауруының әрбір төртіншісі биологиялық сағаттың ауытқуымен байланысты болып шықты
Күйзеліс ауруының әрбір төртіншісі биологиялық сағаттың ауытқуымен байланысты болып шықты
14 минут бұрын 19 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Циркадты  депрессия мелатонинмен  немесе күн режимін бір қалыпқа келтірумен емдеуге келеді. Бұл жайында islam.kz порталы  British Journal of Psychiatry мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Австралияда бұл тарапта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, күйзеліске бой алдырған, яғни, депрессия дертіне шалдыққандапрдың әрбір төртіншісі биологиялық сағаттың ауытқуынан осындай күйге түскен. "[Біздің ішкі сағаттарымыздың] келісілген жұмысы көңіл-күйдің, зат алмасудың, концентрацияның, ұйқы мен ұйқылық циклінің және басқа да көптеген маңызды факторлардың негізінде жатыр", - деп мәлімдеді аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен Сидней университетінің профессоры Иэн Хики. Ғалымдар ауыр қайталанатын депрессия дерті бар 10 000-нан астам австралиялыққа олардың ұйқы режимі және басқа да ерекшеліктері, мысалы, маусымға байланысты симптомдар өзгере ме деген сұрақтар қамтылған сауалнама жүргізді. Содан соң олардың ДНҚ анализі үшін сілекей үлгілерін алды. Депрессия дертінің циркадтық кіші түрі ауыр симптомдарымен ерекшеленеді, соның ішінде адамды өзіне-өзі қол жұмсау секілді қатерлі қадамға итермелеуі мүмкін. Ауру ертерек пайда болады - басталатын уақыты бойынша орташа есеппен алғанда циркадтық топта 18 жасты және циркадтық емес топта 23 жасты құрайды. Ішкі сағаттардың (биологиялық ырғақ) бұзылуы генетикалық факторлармен де байланысты болуы мүмкін. Депрессияның циркадтық түрі бар науқастар ұйқысыздықпен немесе шала ұйқымен, жоғары дене салмағымен, қабыну маркерлерімен ерекшеленеді және белсенділік пен концентрацияның төмендеуіне байланысты генетикалық нұсқалар жиі кездеседі. Тағы бір фактор заманауи өмір салты болуы мүмкін, деп санайды сарапшылар. Тұрақты тәуліктік ырғақты ұстап тұру үшін ішкі сағаттарды күн сайын таңертең жарықтың көмегімен «қайта құру» қажет; соның ішінде жасанды жарық ішкі сағатты тұрақсыздандыққа апарып соқтыруы мүмкін

0 пікір
Мұрағат