Сауд Арабиясы қажылық пен ұмра бойынша оңтайлы шешім қабылдауға көмектесетін жүйені іске қосады
Сауд Арабиясы қажылық пен ұмра бойынша оңтайлы шешім қабылдауға көмектесетін жүйені іске қосады
1 сағат бұрын 36 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясы Ufuq жүйесін іске қосты. Бұл жайында islam.kz порталы Arab News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай бірегей жүйе қажылық пен Ұмра секторынан алынған деректерді қажыларға қызмет көрсетуге қатысты қандай да бір шешім қабылдауға көмектесетін мәліметтерге негізделген құралдарға айналдыруға  мүмкіндік береді.  Pilgrim Experience бағдарламалық жасақтамасы өзгеше бағдарламаны «мүдделі тараптарға қажылық пен ұмра секторы туралы деректерге қол жеткізуге және статистикадан тыс деректер негізінде білімді кеңейтетін және шешім қабылдауды оңтайландыратын өнімдер арқылы пайда табуға бағытталған қадам» деп сипаттады. PEP - Сауд Арабиясы билігінің экономиканы әртараптандыруға бағытталған “Сауд пайымы - 2030”(Saudi Vision 2030) реформалық межені бағындыруды,  жүзеге асыруды жоспарлап отырған бағдарламалардың бірі. Оның мақсаты  қажылыққа келетіндер мұсылмандар санының көптігіне байланысты квота, кезек күту, виза алу секілді шектеулерге қарамай мұсылмандардың қажылық және ұмра сапарын жасауға  мүмкіндік беруге саяды. PEP мәліметінше, Ufuq жүйесі қажылық және ұмра секторына қатысты 100-ден асатын жыл сайынғы есептер мен мәліметтерді, сондай-ақ, мемлекеттік мекемелерге релевантты деректер мен индикаторларды қарауға, оларды білімді қалыптастыру мен шешімдерді қолдауда пайдалануға мүмкіндік беретін 15-тен астам ақпараттық панелді қамтиды. 55-тен астам мемлекеттік мекеме қажылыққа барушыларға қызмет көрсету жүйесімен байланысты ұйымдар арасында интеграцияны жақсарту және білім алмасу шеңберінде осы өнімдерден пайда көретін болады. Бірегей жүйені қажылық және ұмра министрі және қажылық тәжірибесі  жөніндегі бағдарлама комитетінің жетекшісі Таупық  әл-Рәбия Жиддадағы алтыншы конференция және қажылық пен ұмра көрмесі кезінде іске қосты. Бағдарлама тиісті ұйымдар мен шешім қабылдайтын тұлғаларға көмек көрсетуге, нақты әрі шынайы ақпарат көздерін ұсынуға, сол арқылы салалық білімді дамытуға және қажылыққа барушыларға ұсынылатын қызметтерді жоспарлауды оңтайландыруға бағытталған. Ұлттық ашық деректер платформасы арқылы Ufuq 15-тен аса ашық деректер жиынтығын ұсынады, ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін арттырады. Экожүйенің ұсыныстары - есептер, дашбордтар, ашық деректер жиынтығы мен болжау құралдарын қоса алғанда - «Сандардан тыс деректер» тақырыбында ұсынылған. Бұл тәсіл шешімдерді қабылдаудың дәлел-дәйегіне негізделген жоспарлау ісін қолдау үшін деректерді пайдалануға бағытталған.

0 пікір
Мұрағат