Әзірбайжан билігі діни қайраткерлерге мемлекет істерімен айналысуға тыйым салды
Әзірбайжан билігі діни қайраткерлерге мемлекет істерімен айналысуға тыйым салды
20 минут бұрын 34 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әзірбайжан республикасының президенті Илһам Әлиев 2026 жылдың қазан айының 16-ы күні имамдар мен өзге де діни қайраткерлерге мемлекеттік және азаматтық қызметтерге жұмысқа тұруына тыйым салуды қарастыратын жарлыққа қол қойды. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қолданысқа енген жаңа ереже талаптарына сәйкес бұданн былай мемлекеттік істерге жауапты қызметтерге тағайындалуға ұсынылған үміткерлердің барлығының өмірбаяны мұқият тексеріледі – бұрын діни істермен айналысқаны. Тексеру процедурасы электронды жүйе бойынша жүргізіледі. Аталмыш тыйым 2026 жылдың қаазан айының 16-ы күнгі мемлекеттік қызметтермен шұғылдануға құқығы жоқ тұлғалар санатына жатқызылған «діни қызмет» (din xadimləri) бойынша мемлекеттік қызмет жөніндегі кодекстің 20.2 бабына негізделген. Аталған тыйым дін ұстанатын барлық азаматтарға емес, ресми заңды мәртебесі бар дін қайраткерлеріне (имамдарды, діни қызметшілерді, қажыларды және т.б. қоса алғанда) қатысты. Осы кодекстiң 20.1-бабында дiни сенiмiне қарамастан азаматтардың белгілі бір талаптарға сәйкес келген жағдайда мемлекеттiк қызметте қызмет атқаруға құқығы бар екендiгi айтылған. Мемлекеттік қызметке үміткерлердің діни қайраткер мәртебесі Әзірбайжанның діни ұйымдармен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комитетіне электрондық сұрау арқылы расталады, жауап беру мерзімі - 7 жұмыс күні, яғни, бір апта уақыт алады. Бұдан басқа, кодексте шетел азаматтығы бар адамдар мен шет мемлекеттер алдындағы міндеттемелері бар адамдар үшін осыған ұқсас шектеулер бар. Бұл тыйым Әзірбайжан мектептерінде хижаб киюге қатысты әлі толастамаған дау-дамайға байланысты енгізілді. Бұрын орамал таққан оқушыларды мектепке қабылдаудан бас тарту және кейбір мұғалімдерді жұмыстан шеттету науқаны ел ішінде және шетелде сынға ұшыраған болатын. Тыйым салу қоғамда полярлық реакцияларды тудырады: жақтаушылар мемлекеттің зайырлы сипатына сілтеме жасайды, сыншылар орамал киіп жүру білім берудің зайырлы сипатына қарама-қайшы келмейтінін атап, оқушылардың құқықтарын шектеуді көрсетеді

0 пікір
Мұрағат