Жаңа заң ажырасуды күрт азайтты
Жаңа заң ажырасуды күрт азайтты
3 жыл бұрын 2297 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Қытайдағы ажырасу оқиғалары қоғамда талас-тартыс тудырған заң қабылданғаннан кейін бірден 70 пайызға азайып сала берген. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытайдың азаматтық істер жөніндегі министрлігі келтірген дерекке қарағанда, 2021 жылдың алғашқы тоқсанында шамамен 296 мың ажырасу оқиғасы орын алған. Ал өткен жылы – 2020 жылы бұл көрсеткіш аталған мерзімде 1 млн-нан асып кеткен еді. Осы жылдың қаңтар айының 1-нен бастап қолданысқа енген жаңа заң талаптарының бірімен байланысты елдегі ажырасу оқиғасы күрт кеміген. Дәлірегі, азаматтық кодекске енгізілген ажырасқысы келетін ерлі-зайыптыларға ресми түрде ажырасқанға дейін 30 күн мұрсат беріледі. «Ойлану» - жаңа заңның ажырасудың алдын алуға септігін тигізетін тетігіне айналды, азаматтық кодекске енгізілген бұл ұғым ерлі-зайыптыларға міндетті кезеңі болып табылады. Қытай билігі мұндай қадамға елдегі демографиялық ахуалдың нашарлауына, яғни, туу көрсеткішінің төмендеп кетуіне байланысты барып отыр. Егер ажырасқысы келетін ерлі-зайыптылар 30 күннен 60 күнге дейін құзыретті әрі тиісті органға мұндай өтінішпен келмесе, олардың ажырасу туралы өтініші жойылады. Ал «ойлану» мерзімі тек отбасында зорлық-зомбылық орын алып, осындай себеппен ажырасу процедурасында ғана қолданылмайды. Сөз орайы келгенде 2003 жылдан бері аталған елде ажырасу оқиғасының күрт көбейіп кеткен еді. 1985 жылы 458 жұп, 2013 жылы 3,5 млн жұп, ал 2019 жылы 4,2 млн жұп ажырасып кеткен. Демографтардың болжамынша, осы ғасырдың соңына таман елдегі туу көрсеткіші екі есеге құлдырайды.

1 пікір
  • Дұрыс айтасыз, ажырасамаыз деген қытайдағы қазақ жастарыда ажыраса алмай "дал" болып, семиясын түтетіп отыр, ажырасуға жол жоқ деп тұр.
    3 жыл бұрын
Мұрағат