Араб кеденшілері 3 жылда 35 рет контрабандалық қара сиқырдың жолын кесті
Араб кеденшілері 3 жылда 35 рет контрабандалық қара сиқырдың жолын кесті
3 жыл бұрын 2776 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Дубай кеден қызметі соңғы 3 жыл ішінде қара сиқыр жоралғысында пайдаланылатын бұйымдар мен материалдар контрабандасының 35 талпынысының жолын кесті. Бұл жайында islam.kz порталы араб бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған ел кеденшілері ел аумағына мұндай заттарды алып келуге қатаң тыйым салынатынын, атап айтқанда, тұмарлар мен жануардың сиқыр жоралғысында пайдаланылатын терісі мен сүйегі, сирағы мен тұяғы, қаны, сондай-ақ, ине мен жүзік, сиқыршылар кітабы, т.б. тәркіленетінін ескертті. 2018 жылы араб кеденшілері мұндай материалдардың 47,6 келісін, ал 2019 жылы 12,9 келісін, 2020 жылы 7,9 келісін тәркілегенін жеткізді. Жергілікті халықтың діни сенімі мен құндылығына қайшы келетін мұндай заттарды ел аумағына әкелу өз кезегінде контрабандалық әрекет ретінде бағаланады. Мұндай заттар көбінесе африкалық елдерден келетіні де жария болып отыр. 2021 жылдың наурыз айында Біріккен Араб Әмірлігінің федералды кеден басқармасы саяхатшылар мен туристерге ел аумағына сыйлық әкелудің ережесімен таныстырған болатын. Соның ішінде ел аумағына әкелінетін сыйлықтың құны 3000 дирхамнан (822 доллардан) аспауы тиіс. Бұдан бөлек, 60 дирхамға бағаланатын асыл тастар мен валютаның міндетті түрде декларациясы толтырылуы тиіс. Өзімен бірге әкелетін жүк құрамында радио және цифрлы фотоаппарат, CD-плееры, теледидар, қабылдағаш, кинопроекциялық құрылғылар, жеке спорттық жаттығулар, портативті компьютер мен принтер, сондай-ақ, өзі пайдаланатын дәрі-дәрмек (дәрігер рұқсат еткен) рұқсат етілген. Жасы 18-ге толмаған жолаушыға ішімдік пен темекі өнімдерін өзімен бірге алып жүруге тыйым салынады. Тыйым салынған заттар: есірткілік хаттар, ойын автоматтары, нейлонды балық торы, тірі доңыз, піл тұмсығы, лазерлік қаламсап, жалған ақша купюры, радиоактивті заттар, арсыздық пен азғындықты насихаттайтын баспа өнімдері, соның ішінде дінге қайшы материалдар. 

0 пікір
Мұрағат