Денсаулық сақтау министрі артық салмағы үшін қызметінен шеттетілуі мүмкін
Денсаулық сақтау министрі артық салмағы үшін қызметінен шеттетілуі мүмкін
10 жыл бұрын 3725

Осыдан бірнеше күн бұрын Бельгияның Денсаулық сақтау министрінің орнына отырған 52 жастағы Мэгги де Блок салмағының 128 келі болуына байланысты сынға ұшырап үлгерді. 

Бұл жайында nur.kz ақпарат көзі pavlodarnews.kz агенттігіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Ел тұрғындарының айтуынша, мұндай адам салауатты өмір салтын ұстанатындарға үлгі-өнеге көрсете алмайды. Бұл арада Мэгги де Блоктың салмақты саясаткерлердің бірі саналатынын айта кету керек. Десе де, оның осындай аса жауапты лауазымды қызметке тағайындалғанына былайғы жұрт тұрмақ, тілшілердің өзі айран-асыр қалған болатын. «Спорт пен дұрыс тамақтануға қатысты міндеттерді қалай жүзеге асырады»,- дегенге саятын пікір білдірді кейбір бұқаралық ақпарат құралдары. Өйткені, салауатты өмір салты бойынша өмір сүру бельгиялықтардың бас ауруына айналғалы қашан. Бұл елде семіздік індетімен күресу көкейкесті әрі маңызды мәселелердің біріне айналған. Статистикалық мәліметке қарағанда, ел тұрғындарының 47 пайызы артық салмақтан зардап шегеді. «Менің сыртқы кейпіме қарап, баға берудің қажеті жоқ. Қанша дегенмен мен топ-модель емес, саясаткермін»,- деді шенеунік халықтың наразылығына қарсы уәж айтып.

1 пікір
Мұрағат