Қырғызстан көгілдірлерге қарсы белсенді күрес бастады
Қырғызстан көгілдірлерге қарсы белсенді күрес бастады
10 жыл бұрын 3560

Қырғызстанның өткен аптадағы айтулы қоғамдық-саяси оқиғаларының бірі біржыныстыларға толерантты қарауды таңып отырған батыстың демократиялық институттарына қарсылық танытқан қоғам белсенділерінің әрекеті болды. Бұл жайында nur.kz ақпарат көзі «Қазақпаратқа» сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Жуырда Бішкектегі түнгі клубтардың бірінде жергілікті жастар ер адамдардан тұратын украиналық "The Kazaky" би тобына өз "өнерін" көрсетуге жол бермеді.

100-ге тарта жастар дәстүрлі отбасы құндылықтарын сақтауға үндеп, бір жыныстылардың әрекетіне ашық қарсылық танытты. Қарсылық акцияға байланысты ер бишілердің кешін ұйымдастырушылар оны тоқтатуға мәжбүр болды.

Айта кету керек, бірнеше күні бұрын Қырғыз Республикасының Жоғары Кеңеш депутаттары АҚШ елшілігінің қарсылығына қарамастан "гей-насихатқа" қарсы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдаған болатын.

 

1 пікір
Мұрағат