Charlie Hebdo журналы қаза болған сириялық бүлдіршіннің келемеж карикатурасын жариялады
Charlie Hebdo журналы қаза болған сириялық бүлдіршіннің келемеж карикатурасын жариялады
9 жыл бұрын 4550 medialeaks.ru

Француздық Charlie Hebdo журналы тағы да қоғамның наразылығын тудырды. Таяуда босқындар мінген кеме суға кетіп, Түркия жағалауынан жас баланың жансыз денесі табылған еді. Сатиралық басылым жұрттың аяушылығын тудырған осы оқиғаға қатысты келемеж карикатура жариялаған.

Суретте «Мақсатына сондай жақын» деп жазылыпты. Бұдан басқа, «Бір бағаға екі бала мәзірі» деген жазуы бар тез тамақтанатын мейрамхананың жарнамасы берілген.

Ал «Еуропаның христиандық екеніне дәлел» деп аталған екінші карикатурада су бетінде келе жатқан Иса пайғамбар мен оның жанында қалқып келе жатқан баланың өлі денесі бейнеленген.

Мұның мағынасы «Христиандар суда жүр, ал мұсылмандар суға батып жатыр» дегенді меңзейді. Осы суретке байланысты британдық заңгер Питер Херберт афроамерикалық адвокаттар қауымдастығы аталған журналды Халықаралық қылмыстық сотқа беретінін мәлімдеді.

Заң қорғаушылар «карикатуралық басылым төзімсіздік пен қысым жасауды насихаттап отыр, - деп есептейді.

1 пікір
Мұрағат