Биткоинды төлем құралы ретінде ресми таныған алғашқы ел проблемаға тап болды
Биткоинды төлем құралы ретінде ресми таныған алғашқы ел проблемаға тап болды
1 ай бұрын 665 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Jose Cabezas

Әлем бойынша таяуда биткоинді заңды төлем құралы ретінде ресми таныған алғашқы ел – Сальвадорға Дүнижүзілік банк оны қолданысқа енгізуге көмектесуден бас тартты. Бұл жайында islam.kz порталы «Би-би-си» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша Дүниежүзілік банк криптовалютаның қоршаған ортаға тигізер теріс әсері үшін Сальвадорға көмектесуден бас тартқан. Яғни, криптовалюта майнингісі (өндірісі) электр энергиясын қажет ететіндіктен бұл процесс өз кезегінде экологияға залалын тигізеді. Цифрлы валютаны өндіру қарқының артуына байланысты бірнеше елдің жылдық электр энергиясының мөлшерінен де асып кеткен. Сальвадор билігі бүкіл әлемдік банктің криптовалютаны қолданысқа енгізуге көмектесуден бас тартуына орай белгіленген 90 күн ішінде оны танып ұлгермеуі де мүмкін. Бұрын Халықаралық валюта қоры Сальвадордың криптовалютаға көшуіне байланысты макроэкономикалық, қаржылық және құқықтық проблемалармен бетпе-бет келгенін мәлімдеген болатын. Сальвадор жоғарыда айтып кеткеніміздей, әлемде алғашқы ел биткоинді ресми төлем құралы ретінде таныған. Бұл бастамаға 82 депутаттың 62-сі жақтап дауыс берген екен. Бастамаға сәйкес долларға қатысты айырбас бағамы еркін нарықпен белгіленеді. Салық цифрлы валюта түрінде алынады.

Ұқсас материалдар: 

"Криптовалюта нарығын не күтіп тұр" (https://islam.kz/kk/news/alem/kriptovalyuta-narygyn-ne-kutip-tur-11173/#gsc.tab=0);

"Криптовалютаға толық тыйым салған ел әлемде криптовалюта иеленушілер саны бойынша көш бастады" (https://islam.kz/kk/news/alem/kriptovalyutaga-tolyq-tyiym-salgan-el-alemde-kriptovalyuta-ielenushiler-sany-boiynsha-kosh-bastady-14860/#gsc.tab=0);

«Әлемде екінші ел пайда болды криптовалютаның барлық түріне толық тыйым салған» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/alemde-ekinshi-el-paida-boldy-kriptovalyutanyn-barlyq-turine-tolyq-tyiym-salgan-14831/#gsc.tab=0);

"Цифрлы валюта енгізілетін әлемдегі алғашқы ел" (https://islam.kz/kk/news/alem/tsifrly-valyuta-engiziletin-alemdegi-algashqy-el-10986/#gsc.tab=0);

"Иранның криптовалютасы шығарылады"(https://islam.kz/kk/news/alem/irannyn-kriptovalyutasy-shygarylady-11960/#gsc.tab=0)

 

0 пікір
Мұрағат