Цифрлы валюта енгізілетін әлемдегі алғашқы ел
Цифрлы валюта енгізілетін әлемдегі алғашқы ел
5 жыл бұрын 2953 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Швецияның орталық банкі келесі жылы цифрлы валютаны әзірлеу жөніндегі жобаны қолға алады. Бұған аталған ел тұрғындарының қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы төлем жүйесіне ұмтылғаны себеп болуда. Бұл жайында Bloomberg ақпарат көзі хабар таратты. Мұндағы мақсат сынақтан өткен әрі дайын e‐krona электронды валютаны айналымға, яғни, қолданысқа енгізуге саяды. Егер "Риксбанк" ұйғарса. Шведтердің ұлттық валютасының электрондық нұсқасын қалта телефонының қосымшасына немесе картаға жүктеп, төлем жүйесінде пайдалану көзделуде. Қазіргі уақытта бұл бағытта қандай заңнамалық өзгертулер жүзеге асырулы тиістігі зерделенуде. «Қазіргі уақытта біз электронды ақшаны банктерге ұсына аламыз, ал азаматтар шотына олай ете алмаймыз. Сондықтан парламент бұған рұқсат беретін шешім қабылдауы тиіс», - деді "Риксбанк»-тің төлем департаментінің кеңесшісі әрі заңгер Моника Йоханссон. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Швеция қолма-қол ақша айналымнан шыққан алғашқы ел әлемде. Картамен немесе қалта телефонымен есеп айырысу кеңінен етек алғаны сондай, бұл үрдіс ел билігін электронды ақшаға көшуге итермелеуді. Биылдың өзінде ғана шведтердің 13%-ы ғана қолма-қол ақшамен сауда жасаған. 2010 жылы бұл көрсеткіш 39% болатын. Скандинавиядағы елдің кей банктері қолма-қол ақшамен қаржылық операция жасауды доғарған еді, ол ол ма, тек қазанның қақпағын ұстаған қаржы мекмелері ғана емес, сонымен қатар, мейрамханалар мен музейлер де қолма-қол ақшаны қабылдаудан бас тартып жатыр. Мұндағы бас проблема ел тұрғындарының көбісі цифрлы валютаға қол жеткізе алмай отыр. Әсіресе, қараттар арасында ондайлардың қарасы көп. 

0 пікір
Мұрағат