Білімді тікелей миға жеткізу технологиясы жасалды
Білімді тікелей миға жеткізу технологиясы жасалды
3 жыл бұрын 2204 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемге әйгілі General Motors және  Boeing компанияларына тиесілі HRL Laboratories беделді зертханасының ғалымдары ақпаратты миға ткелей жеткізу арқылы адамды оқыту процесін тездететін өзгеше технология ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша ғылым оқыту тиімділігін барынша арттыру мәселесін шешуге тақап қалды. Ақпаратты миға тікелей жеткізу - осы заманғы ғылымның ең өзекті міндеттерінің бірі. Бүгінгідей жаһандану замамындағы қатаң бәскелестік пен оперативтілікті қажет ететін қандай да бір шешімдер өз кезегінде ақпараттар ағынын мейлінше тиімді жолмен игеруді талап етеді. Осылайша заман көшінен қалмай, уақыт тынысын сезінуге болады. Бұл тарапта ғалымдар, тіпті, адамның биометрикалық немесе биоматериалдық деректерін алу жолдарын меңгеріп қоймай, сонымен қатар, адам ойын оқу технологиясын жетілдіруге кіріскен. Ақпарат тасқынын игеру өз кезегінде білімді игерудің мейлінше тиімді жолын қажет ететін айрықша тәсілді керек етеді. Бұл бағытта талай жыл ізденген ғалымдардың айтуынша, білімді дарыту соншалықты қиын процесс емес, өздерінің тәжірибесі алғашқы кезеңінің өзінде оңды нәтиже көрсеткенін де жасырмады. Тәжірибеге өз еркімен қатысқан курсанттар HRL Laboratories технологиясының көмегімен ұшақты басқару, ұшу дағдыларын үйренген – дәстүрлі оқу процесіне қарағанда 33% жоғары нәтижеге көрсеткен. Аталмыш тәсіл миға ақпаратты тікелей жеткізу кезінде мидағы электрлі сигналды тіркеуге негізделген. Адам басына бекітілетін рнайы құрылғыны пайдалана отырып, бұрын жазылып қойған мәліметтерді электр сигналдарымен ми аймақтарын ынталандыру арқылы тікелей жеткізген. Әзірге бұл технология әлі алғашқы кезеңінде тұр. Алдағы уақытта жетілдірлетін болады.

0 пікір
Мұрағат