Бірнеше мыңдаған баланы сарбаз ретінде пайдаланған
Бірнеше мыңдаған баланы сарбаз ретінде пайдаланған
1 ай бұрын 2992 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өткен жылы әлемнің әр түкпіріндегі қарулы қақтығыс жүріп жатқан аймақтарда сегіз мыңнан аса бала сарбаз ретінде пайдаланылған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриштің осы тараптағы жыл сайынғы баяндамасында келтірілген дерекке жөн сілтеген CNN ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соның ішінде қарулы қақтығыс кезінде көктей солған, кемтар болып қалған, ұрланған, шабуылға, қорлық-зомдылыққа ұшыраған балалар туралы мәлімет те қамтылған. Мұның бәрі 21 қарулы қақтығыс құрбаны болған 19379 мың балаға қатысты дерек. Әсіресе, Сомали, Конго демократиялық республикасы, Ауғанстан, Сирия және Йемен секілді соғыс пен қарулы қақтығыс өршіп тұрған аймақтарда балалар түрлі зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Аталмыш баяндамадағы дерекке сәйкес әлем бойынша 8521 бала қолына қару алып, ересектердің нұсқауымен соғысқа қатысқан. 2674 бала қарулы қақтығыс кезінде көктей солған және 5748 бала түрлі деңгейде жарақат алған.

0 пікір
Мұрағат