Құрап бара жатқан балықты ДНҚ-сын өзгерту арқылы жойылудан сақтап қалды
Құрап бара жатқан балықты ДНҚ-сын өзгерту арқылы жойылудан сақтап қалды
1 ай бұрын 262 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Табиғатта сирек кездесетін әрі жойылу алдында тұрған, Шотландия аумағындағы көлдерде ғана тіршілік ететін балық түрін экологтер мен популяцияны бейімдеу жүйесінің көмегімен құрып кетуден сақталды. Бұл жайт олардың ДНҚ-сын өзгеріске ұшыратқан. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Evolutionary Applicationsмерзімді басылымы мен осы туралы хабарлаған onlinelibrary.wiley.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сиг (Coregonus lavaretus, кейде Coregonus clupeoides деп те аталады) – Шотландия аумағындағы Эк және Ломонд көлдерінде тіршілік ететін әрі табиғатта өте сипек кездесетін балық түрі. Балықтың бұл түрі Шотландияда аса құнды саналады. Өйткені, олардың тіршілік ететін ортасының нашарлауына, дәлірегі, климат өзгерісі салдарынан аталған көл суындағы температураның жоғарылауына және Лох-Ломонда көлінен ауып келген, сиганың жұмыртқасымен қоректенетін жыртқыш балықтың пайда болуына байланысты популяциясы жылдан жылға азайып барады. Популяция денсаулығының ұзақ мерзімге сыр бермеуі оның генетикалық әралуандылығына әрі  транслокацияның (Уикипедия электронды энциклопедиядан: Транслокация— мутацияның бір түрі. Онда ДНҚ кесіндісІ басқа бір жаңа, әдеттегіден өзге жерге немесе басқа молекулаға көшіріледі.[1]) эволюциялық тиімділігіне байланысты. Ғалымдар популяцияның қалай өзгеретінін анықтауды алдын мақсат етіп қояды. Дәлірегі, аталмыш биологиялық түрдік генетикалық денсаулығын зерделеп, транслокацияның оларды жойылудан сақтап қалуға көмектесетінін немесе көмектеспейтінін анықтамақ болады. Ғалымдар тұшшы суда тіршілік ететін павандық балық түрлерін сақтап қалуды көздеп, төзімді популяцияның жаңа түрін қалыптастыру үшін аттай 30 жыл бойы Шотландияның барлық көлдеріне уылдырық пен балықтарды жібереді. Глазго университетінің ғалымдары ген сараптамасының осы заманғы озық әдістерін пайдалана отырып, көздеген мақсаттарына қол жеткізеді: балықтар жаңа тіршілік ету ортасына бейімделеді Десе де сиганың жаңа популяциясы бастапқы тұқымдастарына қарағанда генетикалық тұрғыдан айрықшаланады.

0 пікір
Мұрағат