Ауған «көзірі»: Есірткі трафигінен лития трафигіне өте ала ма?
Ауған «көзірі»: Есірткі трафигінен лития трафигіне өте ала ма?
2 жыл бұрын 1801 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сәл шегініс:

eurasiangroup.org ақпарат көзінің келтірген дерегіне қарағанда, 2011 жылы әлемдегі апиын өндірісінің Ауғанстандағы үлесі 83%-ға жеткен. Сол кездегі есірткі айналымынан ауғандар 61 млрд доллар табыс тапқан. Бұл жайында islam.kz порталының шолу материалынан біле аласыздар. Біріккен Ұлттар Ұйымының Естірткі және қылмыс басқармасының мәліметі бойынша бұл көрсеткіш бүгінде 70 млрд долларға жеткен. Ауған есірткісінен түсетін пайданың негізгі көздері: Ресей – 16-18 млрд доллар; Батыс және Орталық Еуропа – 13 млрд доллар; Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Азия елдері – 9,4 млрд доллар; Австралия – 3,5 млрд доллар; Африка құрлығы - 3,2 млрд доллар. Халықаралық азулы ұйымдар мен әлем қауымдастығының ауған жеріндегі есірткі алқабын жою талпынысы зая кетуде. Керісінше Afghanistan Opium Survey баяндамасында айтылғандай, Ауғанстанның оңтүстігінде есірткі алқабы 2013 жылы 36%-ға ұлғайған, яғни, 209 000 гектарға артқан. 2007 жылы ауған жеріндегі есірткі алқабы 193 000 гектар болған. Бұл осыдан 5 жыл бұрынғы дерек. Содан бері есірткі алқабының ұлғайғаны немесе кеміген турасында ақпарат жоқ.

Халықаралық энергетикалық агенттігінің боламы бойынша 2040 ылға қарай мыс, кобальт, т.б. секілді сирек кездесетін элементтермен қатар литияға деген әлемдік сұраныс 2020 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 40 есеге артады. Өкінішке қарай, аталған сирек кездесетін ресурс әлемнің тек санаулы аймақтарында ғана кездеседі. Соның бірі – тәліптер радикалды қозғалысының (Әлемнің көптеген елі мен Қазақстанда қызметі мен насихатына тыйым салынған – ред.) лаңы мен жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлық батпағына батып, экономикасы шатқаяқтаған, әлі күнге саяси дағдарыстан көш ашпаған Ауғанстан аумағында (қараңыз: «Минералдарға бай мұсылман елі» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/mineraldarga-bai-musylman-eli-11395/#gsc.tab=0). АҚШ-тың геологиялық қызметі осы заманғы технологияның – гравиметрикалық және магнитті өлшеу құалдарының көмегімен ауған аумағының шамамен 70%-ын тіміскілеп зерттеп шыққан болатын. Бұл аталған елдегі ең бұрын-соңды болмаған геологиялық барлау еді: нәтижесінде бір ғана Ғазни провинциясындағы лития қоры күллі Боливиядағы лития қорынан асып түсетіні белгілі болды. Бұдан бөлек, Ауғанстан аумағынан алтын, мыс, кобальт, темір, барит, неодим, күкірт, қорғасын, күміс, цинк, ниобия секілді асыл тастар мен металдар қоры, сондай-ақ, табиғатта сирек кездесетін элементтердің 1,4 млн метрикалық тоннасы табылып отыр. 1,4 млн тонна сирек кездесетін элементтер құны 3 трлн долларға бағаланып отыр.

Жарты әлемнің жамбасына басып жатқан ауған халқы бұл байлықты тістегеннің аузында, ұстағанның қолында жібермей игерсе, Сингапур секілді экономикалық әлеуетке ие болу мүмкіндігі бар. Алайда, сарапшылардың айтуынша, бүгінде билік басына келген тәліптер  радикалды қозғалысы өз билігін орнықтыра әрі заңдастыра алмай жатыр. Бұған ең алдымен этникалық ішкі алауыздық пен тәліптердің ұстанған позициясы және осы позициясына байланысты әлем қауымдастығының реакциясы кедергі келтіруде. Бұл туралы кезінде кеңінен тоқталғанбыз – қараңыз: «Ауғанның есепсіз байлығы тәліптер тұсында кімнің қанжығасында кетуі мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/augannyn-esepsiz-bailygy-talipter-tusynda-kimnin-qanjygasynda-ketui-mumkin-15669/#gsc.tab=0; https://islam.kz/kk/news/alem/augannyn-esepsiz-bailygy-talipter-tusynda-kimnin-qanjygasynda-ketui-mumkin-jalgasy-15679/#gsc.tab=0). Біздің айтқымыз келгені, тәліптер билігін әлем алдында заңдастырып, ел ішінде тыныштық орнатып, инвестиция тартып, кенді игерген күннің өзінде шикізат базасы болудан ары аса алмайды. Ауған байлығының бар қызығын Қытай көреді: инвестиция құйып, кенді игеруге көмектескенімен технологияны (смартфон, электромобил, электроникалық заттар мен бұйымдар, т.б.) өздері жасайды. Оны бірнеше есе бағамен сатып, пайданың астында қалады. Байқайсыздар ма, Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» ғаламдық жобасы бойынша теміржол Қытайдан Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Иран және Ирак арқылы тартылады. Бір қызығы, Ауғанстан аумағынан өтетін теміржол лития мен өзге де ресурстар жатқан аудандардың үстінен өтеді. Осының өзі көп нәрсені аңғартса керек. Осындай факторларға байланысты Ауғанстан есірткі трафигінен біржола құтыла алмауы мүмкін.  

области сосредоточения в Афганистане лития и других РЗЭ

Ауғанстандағы лития мен өзге де сирек кездесетін элементтер шоғырланған аймақтар

 Кунцит (Сподумен). Литиевая руда - это разновидность минерала сподумена от розового до светло-фиолетового цвета.

Кунцит (Сподумен). Лития кені - сподумен минералының қызғылт түстіден ашық әрі күлгі түске дейін әр түрлі болып келетіні 

 Проект будущей железной дороги из Китая на Иран, и далее на Ирак

Болашақта Қытайдан тартылатын теміржол жобасы

Қарай отырыңыз:

«Тәліптер баға жетпес байлықты іздеуге кірісті» (https://islam.kz/kk/news/alem/talipter-baga-jetpes-bailyqty-izdeuge-kiristi-video-15792/#gsc.tab=0);

«Ауғанның есепсіз байлығы тәліптер тұсында кімнің қанжығасында кетуі мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/augannyn-esepsiz-bailygy-talipter-tusynda-kimnin-qanjygasynda-ketui-mumkin-15669/#gsc.tab=0; https://islam.kz/kk/news/alem/augannyn-esepsiz-bailygy-talipter-tusynda-kimnin-qanjygasynda-ketui-mumkin-jalgasy-15679/#gsc.tab=0);

«Минералдарға бай мұсылман елі» (https://islam.kz/kk/news/alem/mineraldarga-bai-musylman-eli-11395/#gsc.tab=0);

«Ауған факторы: «мәңгі соғыстың» түп-төркіні неде жатқаны айтылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/augan-faktory-mangi-sogystyn-tup-torkini-nede-jatqany-aityldy-15849/#gsc.tab=0);

«Ауған факторы: тәліптердің арынын қалай тежеуге бо»ады" (https://islam.kz/kk/news/alem/augan-faktory-talipterdin-arynyn-qalai-tejeuge-bolady-15591/#gsc.tab=0);

«Ауғанстанның этникалық картасы немесе ұлттық құрамы» (https://islam.kz/kk/news/alem/auganstannyn-etnikalyq-kartasy-nemese-ulttyq-quramy-15624/#gsc.tab=0);

«Қытай билігі де тәліптермен ырымыраға келуді ойластырып отыр» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-biligi-de-taliptermen-yrymyraga-keludi-oilastyryp-otyr-15478/#gsc.tab=0);

«Тәліптер билігін алдымен Ресей ресми мойындауы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/talipter-biligin-aldymen-resei-resmi-moiyndauy-mumkin-15477/#gsc.tab=0);

"Ауған факторы: геосаяси ойын тәртібі өзгеріп келеді" (https://islam.kz/kk/news/alem/augan-faktory-geosayasi-oiyn-tartibi-ozgerip-keledi-15407/#gsc.tab=0);

«Тәліптердің күші неде немесе тәліптер билік басына келгенде Ауғанстанды өркендеген елге айналдыра ала ма» (https://islam.kz/kk/news/alem/talipterdin-kushi-nede-nemese-talipter-bilik-basyna-kelgende-auganstandy-orkendegen-elge-ainaldyra-ala-ma-12419/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат