Сиыр көңімен суды тұшшыландыру тәсілі пайда болды
Сиыр көңімен суды тұшшыландыру тәсілі пайда болды
3 жыл бұрын 3392 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тағы Солтүстік-шығыс университетінің (Northeastern University) ғалымдары фермадағы ірі қараның қиынан арзан әрі қауіпсіз табиғи сүзгі жасады. И Шжен (Yi Zheng) есімді ғалым сиыр көңінен теңіз суын тұшшыландыратын құрал ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әуел баста ғалымдар сиыр көңінен су тұшшыландыратын құрал жасаймыз деп жоспарламаған болатын, бар-жоғы табиғи материалдың ерекшелігін зерттей келе оны кәдеге жаратудың жолын тапқан. Тәжірибе барысында сиыр қиы толтырылған шелекті Целсия бойынша 1,7 градусқа дейін қыздырады. Сиыр көңіндегі бактерияны жою үшін. Жоғары температура әсерінен көміртектің ұнтақ тәрізді зат түзіледі, одан ғалымдар көбік жасайды,  содан соң көп мөлшерде ылғалды сіңіріп алатын материал паәда болады. Материалды теңіз суына салып, күн сәулесі астына қояды – қыздырылған кезде сұйықтық буға айналып, сүзгіден өтіп, тұшшы суға айналады. Ғалымның айтуынша, судың сапасы жоғары болып шыққан, ол ол ма, оның құрамындағы натрия адамдар күнделікті пайдаланатын ауызсу құрамындағы натрия мөлшерінен аз болған. Бұл жаңалық өз кезегінде ауызсу тапшылығын жоюға көмектеседі. ЮНИСЕФ келтірген дерек бойынша әлемде 1,4 млрд-тан аса адам ауызсу тапшылығын тартып отыр, бұл көрсеткіш жаһандық жылынудың күшеюіне байланысты жылдан жылға арта беретін болады. 

0 пікір
Мұрағат