|
Капитал батыстан шығысқа ауысты: Швейцария “әлем сейфі” мәртебесінен айырылды
|
Экономиканың жілігін шағып, майын ішкен сарапшылар мен халықаралық қаржы қозғалысын қадағалайтын ұйымдар жекеменшік капиталдың кәрі құрлықтан Азия аймағына жылыстағанын алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша еуропалық банктердің өрлеу дәуірі аяқталып келеді. Дәлірегі, күллі әлем бойынша жекеменшіктегі капиталды сақтаудың негізгі географиялық сандығы ресми түрде азиялық мегаполистерге көшіп жатыр. Соңғы талдау нәтижесіне сәйкес әлемнің әр түкпіріндегі мультимиллионерлер өздерінің жинақтарын Гонконгтың юрисдикциясына аударып, консервативті Швейцарияны талай ғасырға созылған көшбасшылықтан айырады.
Капиталдар траекториясын талдау және дәрежелер туралы жаңа табел
Мұндай макроэкономикалық үрдіс Boston Consulting Group (BCG) консалтингтік тобының жаңа жаһандық аудитінде тіркелген. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Гонконг қаржы институттарының басқаруындағы шетелдік активтердің таза мөлшері рекордтық межеге - 2,95 триллион долларға жеткен. Швейцариялық банктер тарихта алғаш рет 2,946 триллион доллар нәтижемен екігші орынға сырғыған. BCG сарапшылары 2030 жылға қарай Азия өңірінің ішінде жаңа әрі аса жоғары табыстарды генерациялаудың орасан зор жылдамдығы есебінен жаһандық капиталды сақтайтын екі көшбасшы (Швейцария мен Гонконг) арасындағы қаржылық алшақтық Шығыстың пайдасына шамамен 600 миллиард долларды құрауы мүмкін екенін баса айтады.
Жарияланған BCG зерттеу мәліметіне сәйкес планетаның негізгі офшорлық аймақтарының қорытынды иерархиясы былайша бөлінді:
l Гонконг: 2,950 трлн доллар (жылдық өсім - 10,7%, 2030 жылға дейін динамика - жыл сайын 9%-ды құрауы мүмкін);
l Швейцария: 2,946 трлн доллар (жылдық өсім - 7,6%, 2030 жылға дейін динамика - жыл сайын 6%);
l Сингапур: 2,1 трлн доллар (жылдық өсім - 10,3%, 2030 жылға дейін динамика - жыл сайын 9%);
l Құрама Штаттар: 1,6 трлн доллар (жылдық өсім - 7,7%, 2030 жылға дейін динамика - жыл сайын 6%);
l Ұлыбритания: 1,0 трлн доллар (жылдық өсім - 7,0%, 2030 жылға дейін динамика - жыл сайын 5%);
l Біріккен Араб Әмірліктері: 700 млрд доллар (жылдық өсім - 11,1%, 2030 жылға дейін динамика - жыл сайын 6%).
Тұтастай алғанда, макроэкономикалық турбуленттілікке пен валюталық және қор биржаларындағы құбылмалылықтың жоғары деңгейіне қарамастан жаһандық жеке жинақтардың жиынтық көлемі соңғы бес жылда ең жоғары қарқынмен ұлғайып, шоғырландырылған түрінде 333 триллион долларға жетті. Бұл ретте әлемдік нарықта ықпал ету салаларының нақты бөлінуі орын алды. Егер Еуропа, Латын Америкасы және Таяу Шығыс инвесторлары бұрынғысынша Швейцария, АҚШ және Ұлыбританиядағы қалыптасқан арналар арқылы ақша жинаса, Гонконг пен Сингапур азиялық бюджеттерді шоғырландыруға және оларға қызмет көрсетуге бағытталған толық автономды, аса тиімді экожүйені қалыптастырды.
Отбасылық трастардың өрлеуі, соғыстар аясындағы әртараптандыру
Қаржы саласындағы бай әулеттердің инвестициялық портфелдерін басқаруға машықтанған арнайы, жабық компаниялар - отбасылық кеңселердің (Family Offices) өсуіне ықпал етті. Он екі ай ішінде Гонконгта олардың саны ширек есеге өсіп, 3384 ұйымға жетті. Әрбір осындай кеңселердегі активтерді иеленудің төменгі шегі 10 миллион долларды құрайды, бұл ретте мыңнан астам құрылым 100 миллион доллардан асатын сомамен операция жасайды. Пандеммиялық шектеулер мен ішкі заңнамалық реформалардан кейін қаржы нарығындағы позициясын толығымен қалпына келтіру үшін Қытай билігі арнайы салық жүктемесін түбегейлі төмендетуге, ірі инвесорларды тартуға және қор алаңдарын ырықтандыруға көшті. Инвесторлар Қытай билігіеің бұл қадамын оң бағалады: қарулы қақтығыстардың өршуі, әсіресе, Таяу Шығыстағы ұзаққа созылған дағдарыс ірі капитал иелерін қаржылық қатер мен тәуекелдерді әртараптандыруға және жинақтарды геосаяси ошақтардан алыстатуға тырысады. Табысқа жету үшін Гонконг үкіметі Таяу Шығыстағы шейхтардың қаржысын тарту бағытында фискалдық алымдардан босатылатын активтер тізімін едәуір кеңейтуге ниеттеніп отыр.