Ауған факторы: тәліптердің арынын қалай тежеуге болады
Ауған факторы: тәліптердің арынын қалай тежеуге болады
3 жыл бұрын 1646 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарында ауған тақырыбы оқтын-оқтын көтеріліп, бұл тарапта сарапшылардың пікірі жиі жарияланады. Ауған факторы тәліптер қозғалысымен тікелей байланысты екенін әлемдік державалар да мойындауға мәжбүр болып отыр. Бұл жайында islam.kz порталының шолу-сараптамалық материалынан біле аласыздар. АҚШ пен оның одақтастарының ауған жерінен әскерін шығаруына байланысты ауған факторы өткір де өзекті сипат алып отыр. Тәліптер қозғалысы тек ауған жерінде ғана ұрыс қимылдарын күшейтіп қоймай, Қытай билігімен де, Кремлдің саяси тұлғаларымен де келіссөз жүргізіп, сыртқы саясатта өзінің билігін «заңдастыру» қамына кірісіп, белсенділігін артырып келеді, бұдан бөлек, стартегиялық маңызы зор шекаралық аудандарды бақылауға алуы «қолсозым» жердегі ресейдің де, қытайдың да тура мағынасында мазасын қашырып отыр. Осындай себептермен тәліптер қозғалысы тарапынан төнуі мүмкін ықтимал қауіптің алдын алу үшін екі держава да өздері террористік ұйым ретінде таныған тәліптер қозғалысымен келіссөздер жүргізуге мәжбүр болды. Алайда, екі елдің тәліптерге қатысты ұстанымы өзгерген жоқ, алайда, бұрын жазғанымыздай (қараңыз: «Қытай билігі де тәліптермен ырымыраға келуді ойластырып отыр» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-biligi-de-taliptermen-yrymyraga-keludi-oilastyryp-otyr-15478/#gsc.tab=0); «Тәліптер билігін алдымен Ресей ресми мойындауы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/talipter-biligin-aldymen-resei-resmi-moiyndauy-mumkin-15477/#gsc.tab=0) Кремль тәліптер қозғалысының мәртебесін қарастыруы мүмкін. Бұл деген сөз – тәліптер қозғалысын Ауғанстанның заңды билігі ретінде тану деген сөз. Алайда, мұндай қадам тәліптер қозғалысының түпкі мақсатын, яғни, орта ғасырға тән ортодоксалды позициясын өзгертпейді. Айтқымыз келгені, әлем бір полярлы емес, Ресей өзінің талабын (Орта Азияға тәліптердің килікпеуін) алға тартып, Қытай да өз мүддесі тұрғысынан (Шығыс түркістан ислам қозғалысына қатысты талабы) келіссіөз жүргізгенімен, жеме-жемге келгенде тәліптер әлемдік державалар арасындағы бірліктің жоқтығын өз мүддесіне пайдаланып, билігін орнықтыра бермек, яғни, АҚШ та, Қытай да, Ресей де тәліптер мәселесіне келгенде ауызбіршілік танытып, нақты талап қоймайынша тәліптердің арынын тежеу мүмкін емес.

Ұқсас материалдар:

«Қытай билігі де тәліптермен ырымыраға келуді ойластырып отыр» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-biligi-de-taliptermen-yrymyraga-keludi-oilastyryp-otyr-15478/#gsc.tab=0);

«Тәліптер билігін алдымен Ресей ресми мойындауы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/talipter-biligin-aldymen-resei-resmi-moiyndauy-mumkin-15477/#gsc.tab=0);

"Ауған факторы: геосаяси ойын тәртібі өзгеріп келеді" (https://islam.kz/kk/news/alem/augan-faktory-geosayasi-oiyn-tartibi-ozgerip-keledi-15407/#gsc.tab=0);

«Ауғанстаннан НАТО әскерлері шығарыла бастады» (https://islam.kz/kk/news/alem/auganstannan-nato-askerleri-shygaryla-bastady-15102/#gsc.tab=0);

«АҚШ-тың тәліптерге "күні қарап" қалды» (https://islam.kz/kk/news/alem/aqsh-tyn-talipterge-kuni-qarap-qaldy-10566/#gsc.tab=0);

«Тәліптердің күші неде немесе тәліптер билік басына келгенде Ауғанстанды өркендеген елге айналдыра ала ма» (https://islam.kz/kk/news/alem/talipterdin-kushi-nede-nemese-talipter-bilik-basyna-kelgende-auganstandy-orkendegen-elge-ainaldyra-ala-ma-12419/#gsc.tab=0);

«АҚШ Ауғанстанда жаңа соғыс бастауы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/aqsh-auganstanda-jana-sogys-bastauy-mumkin-8052/#gsc.tab=0)

"Тәліптер Ауғанстанда өздерінің мемлекеттік органын құратынын мәлімдеді" (https://islam.kz/kk/news/alem/talipter-auganstanda-ozderinin-memlekettik-organyn-quratynyn-malimdedi-8018/#gsc.tab=0);

"Тәліптер мен АҚШ келіссөзіндегі негізгі тезис" (https://islam.kz/kk/news/alem/talipter-men-aqsh-kelissozindegi-negizgi-tezis-11380/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат