Cеміздікке қарсы дәрі-дәрмек шығынын мемлекет есебінен толтыратын Еуропадағы алғашқы ел
Cеміздікке қарсы дәрі-дәрмек шығынын мемлекет есебінен толтыратын Еуропадағы алғашқы ел
5 сағат бұрын 77 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Франция кәрі құрлықта алғашқы болып семіздік індетіне қарсы тегеурінді шараны қолға алды. Дәлірегі, аталған еуропалық ел билігі артық салмақтан арылуға көмектесетін дәрі-дәрмекке жылына бюджеттен шамамен 100 млн еуро (116 млн доллар) қаражат бөледі. Осылайша семіздікке қарсы дәрі артық салмақтан зардап шегетіндерге тегін берілетін болады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Францияның денсаулық сақтау министрі Стефани Рист мәлімдемесіне жөн сілтеген South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Novo Nordisk фармацевтикалық компаниясының Wegovy және Eli Lilly компаниясының Mounjaro дәрілері  организмге кері әсерін тигізбей артық салмақтан тиімді жолмен арылуға мүмкіндік беретіндіктен күллі әлемнің назарына аударып отыр. Франциядағы семіздік індетіне шалдыққан науқастар әр ай сайын шамамен 300 еуро мөлшерінде аталған дәрілерге шығындалады. Францияда  бүгінде бір млн-дай адам семіздіктен жүріп-тұруы қиын пациентке айналған. Десе де аталған дәрілер артық салмақтан зардап шегетіндердің барлығына бірдей тегін берілмейді. Тек дәрігерлердің тағайындаған жағдайда беріледі. Қысқасы, семіздікке қарсы дәрілер әлеуметтік зардабы ауыр дерттерден зардап шегетіндерге берілетін дәрілер санатына енгізілді. Сусамыр, жүрек-қан тамыр аурулары, т.б. секілді тегін берілетін дәрілер қатарын енді семіздікке қарсы дәрілер толықтыратын болады. Дәлірегі, мұндай дәрілер артық салмақтан зардап шегетіндердің жалпы санына шаққанда 65 пайызына тегін берілетін болады.

0 пікір
Мұрағат