Минералдарға бай мұсылман елі
Минералдарға бай мұсылман елі
5 жыл бұрын 4588 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ауғанстан әлемдегі ең кедей елдердің бірі болғанына қарамастан жарты әлемнің байлығын жамбасына басып отыр. Дәлірегі, ауған жерінде минералдардың ең мол қоры шоғырланған. Мамандардың есебінше, ауған жеріндегі қазба байлық 1 трлн долларға бағаланады. АҚШ-тың геологиялық қызметі америкалық әскерилер 2004 жылы тәліптер қозғалысын биліктен тайдырғаннан кейін ауған жерін барлап, мол қазынаның үстінен түсті. Тура мағынасында, Артынан белгілі болғандай, АҚШ-тың геологиялық қызметі кеңестік мамандардың геологиялық картасын қолға түсірген. 2006 жылы америкалық зерттеушілер магниттік, гравитациялық әрі гиперспектралды карталарын сызу үшін Ауғанстанның әуе кеңістігін зерделеуге кіріскен болатын. Магниттік зерттеу жер бетінен алғанда 10 шақырым тереңдіктен құрамында темір кездесетін минералдардың барын білуге мүмкіндік берді. Ал гравитациялық зерттеу өз кезегінде мұнай мен газ қоры мол бассейнді анықтауға көмектесті. Гиперспектралды тәжірибеге келсек, әрбір минералдың бірегей сигнатурасын анықтауға мүмкіндік беретін жер қыртысы мен топырақ жынысынан шағылысқан жарық спектірін көрсетіп берді. Айналдырған екі айдың ішінде ел аумағының 70%-дан астамы картаға түсірілді. Сонымен... ауған жерінен кетпей аш кенеше жабысқан америкалықтар ауған аумағында 60 млн тонна жез, 2,2 млрд тонна темір кені, 1,4 млн тонна сирек кездесетін элементтердің, атап айтқанда, лантана, церия, неодиманың, сондай-ақ, алюминий, алтын, күміс, цинк, сынап, лития барын анықтаған еді. Гилменд провинциясына қарасты Ханешин карбонатитіның қоры 89 млрд долларға бағаланды. "Ауғанстан - минералды ресурстарға өте бай ел. Біз кем дегенде әлемдік класқа жататын минералдардың 24 қыртысын анықтадық",- деп мәлімдеді Ауғанстандағы АҚШ-тың геологиялық қызметінің менеджері әрі геолог Джек Медлин. Оның бұл сөзін Discovery ақпарат көзі келтіріп отыр. Сонымен... ауған жеріндегі минералдар ресурсы 908 млрд долларға бағаланып отыр. Ал ауған билігі бұл есепке сенбей, өз мәліметін келтіріпті - 3 трлн долларға бағалап отыр. Бұл байлық Ауғанстан экономикасын болашақта көтеріп қана қоймай, сонымен қатар, әлемдегі ықпалды мемлекетке айналдырары сөзсіз. Минералдар ресурсы - ауғандардың бағына емес, сорына бітсе, соғыстан көз ашпауы да мүмкін. Ресрус үшін талас-тартыста. 

0 пікір
Мұрағат