|
Тұтынушылардың халал саласындағы шығыны 2024 жылы 2,6 трлн долларға жеткен
|
Тұтынушылардың шариғат талаптарына сай өмір салтына қажетті тауарлар мен көрсетілетін қызмет түрлеріне жұмсаған шығыны 2024 жылы 2,6 трлн долларға жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде DinarStandard зерттеу компаниясы әзірлеген 2025/2026 жылдарға арналған «Жаһандық ислам экономикасының жай-күйі» деп аталатын есебінде келтірілген дерекке жөн сілтеген IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы баяндамада қамтылған мәлімкетке сәйкес халал экономика негізгі алты сала бойынша алға шыққан: тағамдар, дәрі-дәрмек (фармацевтика), опа-далап, консервативті сән, туризм, бұқаралық ақпарат құралдары, ойын-сауық. Халал тамақ секторы көлемі жағынан көш бастап тұр - 2024 жылы мұсылмандар 1,53 триллион доллар жұмсаған екен. 2029 жылға қарай бұл көрсеткіш болжам бойынша 2,06 триллионға дейін өседі. Ең жылдам дамып келе жатқан сектор - халал туризмі: 2024 жылы 249 миллиард доллардан 2029 жылға қарай болжанған 424 миллиард долларға дейін өсті. Бұл саладағы өсім пандемиядан кейін туристік саланың қалпына келуі және діндар саяхатшылар үшін инфрақұрылымның дамуы есебінен болған. Есеп бойынша халал экономикасындағы әлемдік шығындар 2029 жылға қарай 3,56 триллион долларға, ал исламдық қаржыландыру активтері 9,72 триллион долларға жетуі мүмкін. Стамбулда өткен Түркия президенті әкімшілігі жанындағы Инвестициялар және қаржы басқармасы Ибн Халдун Университетімен бірлесіп ұйымдастырған іс-шарада баяндамада осындай мағлұматтар айтылды.