Аса ірі мұнай импорттаушы елді мұнай импортына тәуелділіктен құтқаратын аса ірі мұнай қоры табылды
Аса ірі мұнай импорттаушы елді мұнай импортына тәуелділіктен құтқаратын аса ірі мұнай қоры табылды
3 жыл бұрын 11726 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай әлемдегі ісі ірі мұнай импорттаушы ел. Даму үстіндегі экономикасының қарқынын бәсеңдетіп алмасы үшін әр тоқсан сайын мұнай импортын арттыруға мәжбүр. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мәселен, өткен жылдың 11 айының өзінде Қытай шетелден 500 млн тонна мұнай мен 90,44 млн тонна табиғи газ импорттаған екен. Бұл көрсеткіш оның алдындағы жылмен (2019 жл.) салыстырғанда мұнай шикізаты - 9,5%-ға, ал көгілдір отын - 3,9%-ға артқан. Соның өзінде мұнай экспорттаушы елдер одағының (OPEC) ұйымының келтірген мәліметі бойынша аталған елдің тәуліктік мұнай тапшылығы 1,3 млн баррелді құраған. Қытайдың CNPC мұнай компаниясы ел аумағынан, дәлірегі, Гансу провинциясына қарасты Ордос кенішінен қоры бір миллиард тоннаға жететін аса ірі мұнай кенін тапты. Аталған кен орнын барлау жұмыстары 2019 жылы басталған болатын. Сарапшылардың айтуынша, бұл мұнай қоры Қытай экономикасын мұнай шикізатына деген тәуелділіктен құтқарады. Бүгінде Қытай экономикасы шетелден тасымалданатын мұнайдың 70 пайызына тәуелді. Қытайдың аса мұнай импорттайтын елдер қатарында Саудия, Ресей Федерациясы, Иран, Ирак, т.б. елдер бар.

0 пікір
Мұрағат