Ота жасалатын бөлмелерде видеобақылау камерасын орнатуды жақтайтындар көбейіп келеді
Ота жасалатын бөлмелерде видеобақылау камерасын орнатуды жақтайтындар көбейіп келеді
3 жыл бұрын 1230 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік Кореяда денсаулық сақтау саласын мейлінше ашық ету әрі адам өміріне тікелей жауапты дәрігерлердің салғырттығының алдын алу мақсатында, сондай-ақ, науқастардың құқығын қорғау бағытында ота жасалатын бөлмелерде видеобақылау орнатуды жақтайтындар қарасы артып келеді, дәлірегі, аталған елдің он тұрғынына шаққанда сегізі бұл бастамаға қолдау білдіріп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде корей азаматтарының арасында бұл тарапта арнайы сауалнама жүргізген  Real Meter зерттеу компаниясы келтірген дерекке жөн сілтеген Yonhap News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Маусым айының 18-і күні 500 адамға жүргізілген сауалнама нәтижесі көрсеткендей, респонденттердің 78,9%-ы аталмыш бастамаға қолдау білдірген, ал қарсы шыққандар қарасы 17,4%-дан аспаған, 3,6%-ы нақты жауап беруге қиналған. Сөз орайы келгенде айта кету керек, өткен жылдың шілде айында таңғы шық еліндегі «Тобуро» демократиялық партиясы мен Ашық демократиялық партиясының өкілдері мен белсенділері осы бастама бойынша медициналық қызмет көрсету туралы заңға түзету енгізуді ұсынғанын айта кетпекпіз. Бұл заң жобасы әлі күнге Оңтүстік Корея ұлттық жиналысының (парламентінің) қарауында жатыр. Кей сарапшылардың пікірінше, бұл заң жобасы дәрігерлердің құқығын бұзып, пациент пен дәрігер арасындағы сенімге селкеу түсіреді. Алайда, науқастар дәрігерге кәсіби міндетін орындау барысында қателігін жамсыруға мүмкіндік бермейтін заң жобасын қолдап отыр.

0 пікір
Мұрағат