"МЕЙРЖАЧНАЯ" ШҰЖЫҒЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
"МЕЙРЖАЧНАЯ" ШҰЖЫҒЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
3 ай бұрын 326 halaldamu.kz

"Brothers Partners Group" шұжық цехының "Мейржачная"сауда белгісімен шығарылатын өнімдері сертификатталды. Сертификатты ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлымен "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады. "Brothers Partners Group" кәсіпорны "Мал бауыздау және ет өңдеу", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға, сақтауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына" сай сертификатталды.

"Ислам дінінде мұсылмандарға қажет өмірдің барлық саласы түгел қамтылған. Алла және оның елшісі рұқсат еткен дүниені «халал» дейміз. Әлбетте халал сөзінің мағынасы ауқымды, оның бір саласы ас-ауқат, күнделікті ішіп-жейтін тағамға қатысты. Алла Тағала адамзатқа Алланың атымен бауыздалған төрт түлік мал, құс, кейбір жабайы аңдарды халал етті. Ал Алланың аты айтылмай бауыздалған мал, құс, сонымен қатар шошқа еті, қан, өліксе т.б. харам етілді. Әлем жан-жақты дамыған қазіргі уақытта түрлі қоспаларға толы күнделікті тұтынып жатқан тағамдардың құрамына мән бермей пайдалануда. Әрбір мұсылман харамнан сақтануы міндетті. Хақ елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) астың адал болуы жайында мұсылмандарға былай жеткізеді: «Адалды іздеу – әрбір мұсылманның міндеті». Ендеше, осы міндетті атқаруда күллі мұсылманға жәрдемші болып, діни басқармамен серіктестікте халал индустриясын дамытуға қосқан үлестеріңізге, сауабы мол еңбектеріңізге Алла разы болсын! Алланың бекіткен "халал" таңбасына лайықты қызмет атқарасыздар деп сенемін!", – деген Ершат Ағыбайұлы "Brothers Partners Group" кәсіпорны жұмысына сәттілік тіледі.

Өз кезегінде, кәсіпорын басшылығы да дін жанашырлары мен "Халал Даму" ұжымына алғысын білдіріп, бекітілген халал стандарт талаптарына сай өнім өндіріп, қызмет ететіндерін жеткізді.

0 пікір
Мұрағат