Араб елі де геномиканы мақұлдады
Араб елі де геномиканы мақұлдады
3 жыл бұрын 3169 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігінің вице-президенті, премьер-министрі әрі Дубай әміршісі, ұлы мәртебелі Мұхаммед бен Рашид әл Мақтұм елдегі денсаулық сақтау саласын әлемдік деңгейге көтеру мақсатында Геномика кеңесін құруды мақұлдады. Бұл жайында islam.kz порталы WAM ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ел тұрғындарының денсаулығын сақтауда әрі медициналық туризмді дамытуда маңызы зор аталмыш кеңесті Әбу-Даби атқарушы кеңесінің мүшесі әрі Әбу-Даби атқарушы кеңесесінің жетекшісі, ұлы мәртебелі Халед бен Мұхаммед бен Заайыт әл Нахайан басқарады әрі бұл кеңес геном бағдарламасын реттеп, бақылайды әрі елдің денсаулық сақтау жүйесіне кіріктіретін болады. Осылайша елдегі тұқым қуалайтын аурулардың, кемтарлықтың таралуына тосқауыл қоюды және тұқым қуалайтын аурулардан болатын өлім-жітімді азайтуды көздеп отыр. Бұдан бөлек, яғни, аталмыш кеңес геномика бағдарламасының орындалуын қадағалап қоймай, сонымен қатар, денсаулық сақтау жүйесіндегі барлық саламен үйлестіруге бағытталған заңнамалық актілерді әзірлеумен айналысады. Соның ішінде, биометрикалық мәліметтерді ,сақтау, геномика бағдарламасы үшін адамгершілік нормаларын белгілеу секілді жауапты функцияларды атқарады. Бұл айтылғандарға қоса ұлттық биобанкинг бағдарламасы қабылданып, технологиялық стартаптар мен компанияларға қолдау көрсетіледі, сондай-ақ, геномика саласында осы заманғы озық зерттеулер жүргізу үшін әлемнің алдыңғы қатарлы технологиялық фирмаларымен әріптестік пен ынтымақтастық орнатылады. Аталмыш кеңес сирек кездесетін әрі созылмалы аурулардың емдеудің инновациялық әдіс-тәсілін енгізуге, геномика саласының кәсіби мамандарын даярлау, олардың біліктілігін көтеру, т.б. сынды кешенді шараларға да жауапты болмақ.

0 пікір
Мұрағат